Биыл академик Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл! Баянауыл ауданы, Мұса Шорман ауылында ғалымның есімі берілген мектеп бар, ондағы музейде академиктің ғұмырынан сыр шертеді. Толығырақ әріптесім Қымбат Садықтың бейнематериалында.

Ұлтының біртуар перзенті Қаныш Сәтбаев бұрынғы Теңдік, қазіргі Мұса Шорман ауылында дүниеге келген. Бүгінгі таңда, ауылдағы білім ордасы академиктің есімімен аталып, жас дарындыларды шыңдап келеді. Ал, мұндағы музейде ұлы ғалымның ғұмырнамасы мен еңбектері кеңінен көрсетілген.

АҚБЕТ ҚАЛЫШБЕКОВА, АКАДЕМИК ҚАНЫШ СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ МУЗЕЙДІҢ МЕҢГЕРУШІСІ

Әкесі Имантай Сәтбайұлы. Ол дүниеге келген кезде «Иманжан айналайын талапты бол, мұсылманша-орысша сауатты бол, өз туысын Шорман бидей қадірлі бол, Сәтбай атан секілді сабырлы бол» деп сегізсері Бахырамұлының батасын алған екен. Бәйбішесі – Нұрым Тасболатқызы, кезінде Нұр апа атанған.Қанышты өсіріп, тәрбиелеген анасы. Анасы – Әлима Исақызы, кіндік шешесі Гүлжан. Ел сүйсінген Сәтбайдың төрт дүлділіне Әбікей Зейінұлы, Әбдікәрім Жәмінұлы, Бөкеш Имантайұлы, Қаныш Имантайұлы

Музей Қаныш Сәтбаевтың 90 жылдығында, 1989 жылы ашылып, 2001 жылы жаңа мектепке көшірілді. Ал, 2019 жылы жаңарту жұмыстары жүргізілген. Сондай-ақ, музейде ғалымның ғұмырынан, еңбектерінен көп мағлұматтар берілген. Мәселен, музей меңгерушісі бала Қаныштың білім алған мектебі туралы толығырақ тоқталып өтті.

АҚБЕТ ҚАЛЫШБЕКОВА, ҚАНЫШ СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ МУЗЕЙДІҢ МЕҢГЕРУШІСІ

Имантай Сәтбаев кіші әйелі Әлимадан туған Ғазиз бен Ғазизаны Шорман ауылындағы 6 шақырым жердегі 1903 жылы ашылған Ақкелін орыс-қазақ гимназия-мектебінде оқытқан. Жасы беске келгенде кенжесі Қанышты ауылдағы алғашқы ұстазы, Троицк медресесінің түлегі Жұмаш молда Жолдыбайұлынан арабша-парсыша хат танытқан. Содан кейін Сәдуақас Шорманов ауылындағы ағаш үйдегі мектепте алғашында таймен, кейін кербезді атпен барып оқыған. Сәтбаевтар әулетінен сол мектепте барлығы 8 бала оқыған. Мынау сол гимназия мектебінің орыны, 2018 жылы қойылған белгітас

Академик, геолог Қаныш Имантайұлының жеке заттары орналастырылған музейге келушілер қатары да көп. Бұл құнды жәдігерлермен толыққан рухани орта.

Айта кетейік, мектепте 114 оқушы білім алады, 35 мұғалім еңбек етеді. Бүгінде ұлы ғалымның есімі берілген білім ордасының түлектері сан салада қызмет етіп, Сәтбаевтың есімін мақтанышпен айтады.

Қымбат Садық