31-наурыз күні облыстың екі қаласы мен бірнеше ауданының мәслихаттары жаңа депутаттармен толықты. Сайлау қалай өтті? Кімдер мәслихаттан орын алды? Алдағы материалымызда.

Депутаттар облыстық, сонымен қатар, Павлодар, Екібастұз қалалары мен Баянауыл, Железин, Ертіс, Павлодар, Успен, шарбақты аудандарының мәслихататрына сайланды. Сайлау науқаны барысында 41 кандидат ұсынылды. Оның 14-і саяси партиялардан ұсынылса, 27-сі өзін-өзі ұсыну арқылы.

Дауыс беру 97 сайлау учаскесінде өтті. Дауыс берушілердің 37,4 пайызы қатысты. Дауыс беру қорытындысы бойынша облыстық мәслихатқа 2 депутат, Павлодар және Екібастұз қалалық мәслихатына 3 депутаттан және аудандық мәслихатқа 6 депутаттан сайланды.

ГҮЛНАР АМАНЖОЛОВА, ОБЛЫСТЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

Дауыс беру барысын 137 кандидаттың сенімді өкілі, 155 саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің, сондай-ақ БАҚ өкілдері бақылады

Облыстық аумақтық сайлау комиссиясы атап өткендей, сайлау науқаны сайлау заңнамасының талаптарына сәйкес өтті.

Жанасыл Серікбол, Валентина Леонова