Құшағы кең қазақ елі көптеген өзге ұлт өкілдерін бауырына тартты. Елімізде соңғы уақытта қазақша сөйлейтін өзге ұлт өкілдері айтарлықтай көбейгені де басты жетістігіміз. Солардың бірі ұстаздық қызмет атқарып жүрген орыс ұлтының өкілі Тимур Онянов. Толығырақ алдағы сюжетте.

Қазақ тілін туған тіліндей сөйлейтін өзге ұлт өкілдерінің бірі Тимур Онянов. Ол Ресей Федерациясы, Тюмен облысының тумасы. Бала күнінде Қазақстанға көшіп келіп, қазақша білім алады. Тілге деген қызығушылығы да сол кезде арта түскен, бүгінде ол еркін сөйлейді, ойын нық жеткізе алады. Айтуынша, колледж қабырғасында оқып жүргенде кураторы қазақша сөйлеуіне өз үлесін қосып, мотивация берген екен.

ТИМУР ОНЯНОВ, №24 ЖОББМ БАСШЫСЫНЫҢ ТӘРБИЕ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ

Егер де орысша сөйлегенінді көретін болсам, менің пәндерімнен екі аласың. Ал куратордың ол кезде 6 сабағы бар болатын. Тағы бір қызығы, ол колледж мен мен тұрған микрорайон маңынан көріп қалса, мен ол жерде орысша сөйлеп жүрсем екі қойып қойатын сабақта. Сөйтіп, менде іштей қорқыныш сезімі пайда болды. Себебі, степендиядан құлап қалмау болатын

Бүгінгі таңда кейіпкеріміз №24 мектепте қазақ тілі мен әдебиет пәнінен сабақ береді. Сондай-ақ, тәрбие ісіне жауапты. Өңіріміздегі Ассамблея жастарының қатарында бар, қоғамдық,мәдени шараларға да белсене қатысады,

ТИМУР ОНЯНОВ, №24 ЖОББМ БАСШЫСЫНЫҢ ТӘРБИЕ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ

Негізі журналистиканы таңдағым келді. Себебі, камерамен жұмыс істеу, интервью алу деген сондай қызықты болатын. Бірақ, 9-сыныпты бітіргеннен кейін журналистика жоқ екенін білдім. Содан соң өзімнің ұстаздары қазақ тілі мен әдебиетіне түсіп, оқып бітіруді ұсынды. Себебі журналистикамен телевиденияда жұмыс істеу белгісіз болатын, газетке немесе радиоға баруын мүмкін дейтін. Ол кезде сөйлеу, жазу мәнерін дұрыс болу керек. Ал әдеби сөйлеуге дағдылану осы қазақ тілі мен әдебиет саласында болатын

Білім саласында еңбек ететін ол бос уақыт тауып, отбасымен өткізгенді ұнатады. Әрі қазір «Абай жолы» романын тағы бір мәрте оқып бастаған және Ата Заңды оқып, саралағанды ұнатамын дейді ол.

ТИМУР ОНЯНОВ, №24 ЖОББМ БАСШЫСЫНЫҢ ТӘРБИЕ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ

Бос уақытымда барынша отбасыма бөлуге тырысамын. Өйткені күні бойы жұмыстамыз, кішкентайым бар, оған да көңіл бөлу керек. Анда-санда көбінесе Заңдарды оқимы, ол жұмысыма керек. Себебі, бізде бала құқықтарын, ата-анамен сөйлесуді білу керекпіз. Сондықтан Заңдарды көп оқимын, көп қарастырамын

Көп тіл білген көпті іледі, көкжиегі кеңейіп, өрісі ұлғая түседі.Тимур Оняновтың айтуынша, мемлекеттік тілдің берер мүмкіндігі көп.

ТИМУР ОНЯНОВ, №24 ЖОББМ БАСШЫСЫНЫҢ ТӘРБИЕ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ

Қайда барсамда, қазақша сөйлегенімді көрсе, куәлігімді алып қарайды. Мысалы түрлі кездесулермен, профилактикалық шаралармен полицияға барамыз. Сонда кіріп келіп: «Ассалаумағалейкүм!» деп қолды беріп жібергенімде, сен орыс емессің бе деп бәрі таңғалып , қазақша қайдан білесің деп сұрап, артынан әңгімені жібереміз ғой. Содан олардың естеріңде қалам, көмек керек болып хабарлассам бірден көмектесіп жатады. Маған осындай мүмкіндіктері басым

 «Ұлты басқа болса да, жүрегі бір, тілі басқа болса да, тілегі бір» дейтініміз осыдан болар. Әсіресе, қазақша сөйлейтін өзге ұлт өкілін көрсек, марқайып қалатынымыз сөзсіз.

Қымбат Садық