Биыл Ауған соғысының аяқталғанына 35 жыл. Осыған орай ел бойынша әр түрлі мазмұндағы шаралар өтуде. Мәселен, обылс орталығында «Батыл жүрек» атты облыстық ән фестивальі өтті.

Кезекті облыстық патриоттық ән фестиваліне облыстың түкпір-түкпірінен оқушылар мен студенттер қатысты. Онда рухани байлықтың жарқын парағы болып табылатын, Ауғанның отты жылдарынан сыр шертетін сүйіспеншілікке толы әндер шырқалды.

АЙНАГҮЛ ЖЫЛҚЫБЕКОВА, АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАСТАР ЖӘНЕ ОТБАСЫ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ

Бұл байқау Ақпарат және қоғамдық даму басқармасының қолдауымен өтіліп жатқан облыстық фестиваль болып келеді. Өңіріміздің әр ауданынан, қалаларынан көптеген қатысушыларымыз бар, керемет деңгецде өтіп жатыр. Бұл іс-шара жастарымыздың патриоттық сезімдерін дамыту, Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында ұйымдастырылып отыр

Соғыс жылдарында әндер сарбаздардың қайғы мен қуанышына септігін тигізген. Қазір Ауған соғысы туралы көптеген әндер белгілі.

Бұл фестивальде орындалған әрбір ән тек музыкалық шығарма ғана емес, сонымен қатар, анттың адалдығы мен Отанға деген сүйіспеншілікті, сарбаздар бойындағы рухты көрсетеді. Әрі Ауған соғысына қатысып, өшпес ерліктің үлгісін көрсеткен жандарды еске салады.

Қымбат Садық