Облыс бойынша әділет депаратменті халыққа 11 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді. Соңғы уақытта бұл салаға да сандық форматта қызмет көрсету үлесін арттырған. Осылайша, адами факторды болдырмаудың шарттары жасалуда.

Коммерциялық және коммерциялық емес заңды тұлғаларды тіркеу, адвокаттық және нотариалды қызмет, жеке және мемлектетік сот орындау сияқты сала бойынша әділет департаменті өз қызметін жалғастыруда. Жыл басынан бері ведмоства 694 қызмет көрсетіпті. Оның 430-ы элктронды форматта іске асқан.

МАРЖАН ИМЯТОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ

Мемлекет басшысы бастама ретінде көтерген цифрлы Қазақстан бағдарламасы аясында жасанды интеллектті мемлекеттік қызмет саласына енгізу мәселесі алдымызда тұр. Осыған орай Әділет министрлігі «е заңнама» атты модулы іске қосуда. Жасанды интеллект әр түрлі саламен ықпаладаса отырып, заң шығару үдерісіне ат салысады

Сонымен қатар, әділет минитсрлігінің цифрландыру саласындағы бастамаларының бірі «Дижитал джастис». Бұл сандық форматтағы 12 жобадан тұрады.

Әділет депаратментінің негізгі жұмыс бағыттарының бірі – сот үкімінің орындалуы. Қазіргі таңда облыс бойынша 14 мемлекеттік, 90 жеке сот орындаушы бар. Қазір 214 мыңнна астам іс орындалу барысында. Оның 16 мыңнан астамы аллимент.

МАРЖАН ИМЯТОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ

Оның сегіз мыңнан астамы орындалу үстінде. Алты мың борышкер өзін-өзі жұмыспен қамтыған. Олар алиментті өзіндік жолымен төлеуде. Бұл саладағы сот орындау саласы жыл сайын жетілділуде. Жаңа механизмдер енгізілуде. Борышкерлерді жұмысқа орналастыру шарасын да қабылдап жатырмыз

Бұл бағыттағы жұмыс тоқтап қалмайды. Алдағы уақытта да жетілдіріле бермек. Ол үшін сот орындаушылардан құрылған арнайы топ жұмыс істеуде.

Әділет саласына енгізіліп жатқан тағы бір жаңалық биылдан бастап Тараз қаласында робот сот орындаушы пилоттқы жоба ретінде алғаш ерт енгізілді.

Жанасыл Серікбол