Павлодарлықтар Ақмола облысына гуманитарлық көмек жөнелтті. Жиыны 15 тоннаға жуық қажетті заттар тасқыннан зардап шеккендерге жеткізіледі.

Қиналғанға жәрдем, қысылғанға көмек. Бүгінгі Қазақстан халқының басты ұстанымы. Бұл-талай жылғы бірлік пен ортақ мұраттан туған ойдың жемісі. Ақмоладағы ағайынға жәрдем қолын созуға Ассамблея өкілдері де беленді ат салысуда.

Үш күн бойы 15 тоннаға жуық керек-жарақ жиналыпты. Игі іске Ассамблеядан бөлек, өңірдегі барлық жастар ұйымдары ат салысты.

Жәрдемді ұйымдастыруға облыстық мәслихат ұйытқы болды. «Аманат» партиясы мен «Жастар рухы» жастар қанаты да бастамашы топтың қасында.

ИЛЬЯ ТЕРЕНЧЕНКО, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ

Біз бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан үлкен отбасымыз. Ең бастысы осындай сәтте бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып біріге алуымыз маңызды. Сондықтан, барша жерлестерімізді, кәсіпкерлерді, партияластарды осындай игі іске ат салысуға шақырамын

Бұл іске еріктілер де айрықша ат салысқанын атап өткен жөн. Бүгінде облыс бойынша олардың саны 300-ден асады.

Жанасыл Серікбол