Өңірдің мемлекеттік архивінде тарихи құнды құжаттармен мағлұматтар сақталған. Оның арасында Қаныш Сәтбаевтің жеке қоры да бар екен. Аса құнды деген белгімен сақталған құжатта ғұламаның жеке ісі жазылған. Ғалымның 125 жылдығына орай мұрағатшылар құнды жәдігерлерден құрылған көрме ұйымдастырды.

Бұл парақ беттерінде 20 ғасырдың басында Баянауылдың 10- учаскесінің соты болған Ғабдұлғани Сәтбаевтың өз қолымен жазған жеке ісі мен сот мәліметтері көрсетілген. Бұл баға жетпес дүниені архив мамандары Баянауылдан тапқан.

Ісіне адал, әрі әділ болған тау тұлға сол жылдары ауданның әлеуметтік дамуына ат салысқаны қағаз беттерінен көруге болады.

КҮЛӘШ ЕСІМХАНОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІНІҢ АРХИВШІСІ

Сондай-ақ Қ.Сәтбаевтың жеке ісінде хат бар. Ол кісі нақты міндетін атқарған жоқ. Ұйымдастыру жұмысымен, кадр жұмысымен айналысты. Сонда мына хатта көрсетілген 300 дей жатыр осы сотта іс жүргізу кісі керек деп жазған.

Бұдан бөлек көрмеде тау тұлғаның ғылыми қызметі, 1949 жылы туған жері, Баянауылға жасаған сапары туралы баяндайтын фотоқұжаттар қойылған.

Әйгерім Тоқпанқызы