Павлодарлықтар Петропавлға тағы да гуманитарлық көмек жөнелтті. Бұл жолы жалпы салмағы 60 тонна болатын 3 жүк көлігі аттанды. Жылу жинауға облыс әкімдігі мұрындық болған.

Көмектің негізгі бөлігін азық-түлік пен көрпе жастық құрайды. Одан бөлек гигеналық заттар, құрал-сайман, су етік секілді аса қажетті дүниелер бар. Ертіс Баян өңірі 12 сәуірден бастап тасқынан зардап шеккен аймақтарға күн сайын гуманитарлық көмек жіберіп жатыр.

АЙДАР ҚҰРЫМБАЕВ – ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ

Жұмыла көтерген жүк жеңіл - дейді. Осы бәріміз бірлесіп, Ертіс-Баян өңірінен партияластар, қоғам белсенділері жастар бәрі қосылып, Петропавл еліне гумкөмек көрсетіп отырмыз. Бүгін осы Павлодардан 60 тонна көмек шығады. Бұның бәрін есептегенде Павлодар облысынан 150 тонна көмек шықты. Тағы да керек болса, тағы жібереміз.

Ал осы көмектің Солтүстік Қазақстан облысына жетуін жүк көліктерінің жүргізушілері өз мойнына алған. КаМАЗ-дардың барып келу шығыны мен жүктің жарты бөлігін өз қалталарынан көтеріпті.

НҰРБОЛАТ ЖАЙЛАУБАЕВ –ЖЕКЕ КӘСІПКЕР

Осы жағдайға байланысты елімізде су апаттары болып жатыр. Соған байланысты өзімізде көмек көрсетейік деп тегін ұсынып отырмыз. АЗС-тер бар. Оларда бізге шығып, жанармаймен тегін қамтамасыз етіп, біз өз жағымыздан машина бердік. Олар бізге тегін жанармай беріп жатыр.

2 жүк көлігі Павлодар қаласынан аттанды. Ал бір жүк көлігі Екібастұз қаласынан қосылатын болады. Ал көмекті таратып беруге ерікітілерде қоса жіберілді.

Өзгеріс Қуанар