Сондай-ақ Павлодардан Солтүстік Қазақстан облысына тағы 40 тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілді. Толығырақ алдағы бейнематериалда.

Тасқыннан зардап шеккен солтүстік қазақстандықтарға өңіріміздегі «Аманат» партиясы, қоғамдық бірлестіктер, жастар мен жеке кәсіпкерлер бей-жай қарамай, осымен үшінші мәрте гуманитарлық көмек жібермек.

ИЛЬЯ ТЕРЕНЧЕНКО, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ ПАВЛОДАР ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

Павлодарлықтар Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарына шын ниетпен көмек қолын созуда. Қажетті заттарды әкеліп,есімін атамауды өтінетін мейірімді жандар өте көп. «Аманат» партиясы, «Жастар рухы» бірлестігі, «Біз біргеміз» қайырымдылық қоры, барлық ерікті жандар бірлесіп, жұмыла көмек көрсетуде. Жалпы, бұл біздің азаматтық міндетіміз деп білемін. Мұндай сәтте барлық азаматтарға сабырлық тілеймін.

Сондай-ақ, бұған дейін жалпы Ақмола мен Қостанай облыстарына да жеткізілген. Бұның барлығы қолы ашық, мейірімді жандардың, еріктілердің ерекше ат салысуымен іске асуда.

АЛЕКСАНДР ЗЕЛЬ,"AMANAT" ПАРТИЯСЫ "БОЛАШАҚ" ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ

Бұл павлодарлықтардың алғашқы көмегі емес. Ризашылығымды білдіремін. Қазіргі уақытта арнайы комиссия құрылған. Соның аясында бізге әр сағат сайын газельдер келеді, оларға қаптар, күректерді , әртүрлі тауарларды артамыз. Су тасқынан зардап шеккендерге ең басты қажетті деген су, азық-түлік, дәрі-дәрмек, төсек-орындарды жібереміз

Қазіргі таңда су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге еліміздің түкпір-түкпірінен гуманитарлық көмек көрсетілуде. Бұл бірлескен іс жұртшылықтың бірлігін айқындайды.

Қымбат Садық