«Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы аясында Баянауыл ауданындағы бірқатар ауылішілік жолдар жөнделіп, көшелер жарықтандырылады. Толығырақ, ауыл тынысымен танысып қайтқан әріптесім Қымбат Садықтың бейнематериалында.

 «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы іске аса бастағалы Баянауыл ауданында мәдени, денсаулық сақтау, білім нысандарында жаңғырту жұмыстары жүргізілген. Бағдарлама әлі де жалғасуда. Биыл бұл жобаға Құндыкөл және Бірлік ауылдары кірген. Оның аясында ауылішілік жолдар жөнделіп, көшені жарықтандыру жұмыстары атқарылмақ.

ЕРКІН АРЫСТАНБЕКОВ, БАЯНАУЫЛ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Осы Құндыкөл ауылында «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы бойынша мәдениет үйі, мектеп күрделі жөндеуден өтеді. Және 3,5 шақырым ауылішілік жол толығымен асфальтталынады. Және көше жарығы орнатылады. Ауылішілік жолдарға 192 млн қаражат бөлінген. Ал, ауылішілк шамдарға 74 млн қаражат бөлінді

Жоба аясында әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдар ДА қалыпқа келтіріліп жатыр. Айта кетейік, былтыр ауданда ауылішілік 20 шақырым жолдар асфальтталған.

ЕРКІН АРЫСТАНБЕКОВ, БАЯНАУЫЛ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Биыл 25 шақырым жолдар асфальтталады. Атап айтар болсам, ол Мұса Шорман ауылы - 2,5 шақырым, Құндыкөл ауылы – 3,5 шақырым, Бірлік ауылында – 6 шақырым, Майқайын кентінде – 9,4 шақырым және Қаражар ауылында – 3 шақырым жол асфальтталынады 03:02

Ауыл-аймақтағы мұндай жұмыстардың маңызы зор. Өйткені, ауыл халқының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жасауға ұмтылу қажет.

Қымбат Садық