Елорданың сауда орталығындағы теракт туралы әзілі үшін павлодарлық оқушылардың ата-аналары жазаланды. Астана полициясы әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізіп, "Whats App" мессенджері арқылы тұрғындарға терракт туралы жалған хабарлама жіберген павлодарлық 10 жастағы оқушыны анықтады.

Хабарлама таратқаны үшін енді баланың ата-анасы айыппұл арқалайды. Полиция ол мәтінді оқушы өзінің әпкесіне әзілдемек болып жазғанны анықтады. Алайда, полиция қызметкерлері бұндай әзілдер үшін де жаза бар екендігін ескертеді.

РЕНАТ ШӘРІПОВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ СПБ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Бұл жағдайда оның әрекетінде ҚР ҚК 273-бабы "Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама" бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделген. Алайда, 2013 жылы туған кәмелетке толмаған бала қылмыстық жауапкершілікке тарту жасына жеткен жоқ. Кәмелетке толмағанның қылмыстық не әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар қасақана әрекет жасағанын ескере отырып, кәмелетке толмағанның заңды өкілі кәмелетке толмағанды тәрбиелеу және білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін жазаланады.

Материалды сот қарап, онда заңды өкілге 20 АЕК көлемінде айыппұл салды. Полиция дайындалып жатқан терроризм актісі туралы жалған хабар үшін 5000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салынатындығын ескертеді. Не сол мөлшерде түзеу жұмыстарымен 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не болмаса сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Жанасыл Серікбол