Павлодар облысында жыл басынан жалпыға бірдей декларация тапсырудың үшінші кезеңінен 15 мың адам өтті. Яғни жалпы көлемнің үштен бірі ғана декларация тапсырған. Осы ретте мемлекеттік кірістер департаментінде 15 қыркүйекке дейін кешіктірмей, декларация тапсыруға шақырады.

Елімізде жалпыға бірдей декларация тапсырудың үшінші кезеңі жүріп жатыр. Ол бизнес өкілдерін қамтиды. Осы кезеңнің айырмашылығы декларация тапсыратын азаматтар тек шетелде орналасқан жылжитын, жылжымайтын мүлкін, көлік, активтер мен құнды қағаздар, авторлық құқықтарды қана көрсетеді.

МИРГҮЛ МӘЖІМОВА, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСЫ ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ

Жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі басталды. Оны дара кәсіпкерлер және олардың жұбайлары, заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары және олардың жұбайлары енеді. Олар активтері мен міндеттемелері жайлы 250 формадағы декларация тапсырады. Биылғы жылы мемлекеттен тыс жердегі жылжитын, жылжымайтын мүліктерін активтерін көрсетіледі.

Облыста 250 формадағы декларацияны әзірге 48 мың адамның 15 мыңы ғана тапсырды. Негізі аталмыш құжатты ағымдағы жылдың 15 қыркүйегіне дейін беру керек. Тіпті тапсырмаған жағдайда азаматтар жауапқа тартылады дейді, департаментте.

МИРГҮЛ МӘЖІМОВА, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСЫ ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ

250 нысандағы декларацияны ұсынбау немесе кешіктіріп ұсыну, бірінші рет бұл ескерту. Ескерту шығарылғаннан кейін 15 АЕК көлемінде айыппұл көлемінде жауапкершілік қарастырылған.

Сондай-ақ, 270 нысандағы декларацияны тапсыру да 15 қыркүйекке дейін жалғасады. Қазір оны жалпы көлемнің 20 пайызы ғана тапсырған. Айта кетейік, жалпыға бірдей декларация тапсыру 2021 жылы басталды, 2025 жылы қалған санаттағы азаматтар тапсырады.

Самал Қалиқызы