Павлодарда жаңа заманауи этно топтың тұсауы кесілді. «Кербез» деп аталатын трио қазақтың әсем әндерін домбыра, жетігенмен әрлейді. Тұсаукесерге барып келген тілшіміз жалғастырсын.

Бұл жаңадан құрылған «Кербез» тобының Аққу күйі. Топ құрамында Өркен Қайыргелдіқызы, Раушан Абылайқызы, Камила Жүсіпова бар. Өнерлі арулар домбыра, жетіген, қылқобыз, сазсырнайда ойнайды.

Топ мүшелері халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаты, яғни өнер, сахна деген дүниелер кербездік аруларға таңсық емес. Айта кетейік, «Кербез» триосы «Шаңырақ» орталығының кезекті жобасы.

СЕРІК РЫСБЕК, «ШАҢЫРАҚ» ХАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ

Әрқайсысы өз ісінің кәсіби маманы, консерватория, академия бітірген. Шаңырақ орталығы ішкі өзіміздің шығармашылығымызбен айналыссақ деген оймен осындай топ құрылып жатыр.

Жаңа музыкалық топ Құрманғазының, Нұрғиса Тілендиев, Есбай күйшілердің шығармаларын тамылжыта орындайды. Алдағы уақытта топ композиторлармен жұмыс жасап, авторлық әндерін көпшілікке ұсынбақ.

Самал Қалиқызы