Павлодар қаласында кезең-кезеңімен субұрқақтар іске қосылды. Жалпы шаһарда 20-дан аса субұрқақ жұмыс жасайды. Оларды қазір қалыпқа келтіру, жөндеу, тазалау жұмыстары жүріп жатыр.

Облыс орталығында субұрқақтар кезең-кезеңімен іске қосыла бастады. Аталмыш жұмыстарға жауапты «Коммунсервис» мекемесінің мамандары тостағандарды, сорғы құрылғыларын тазалау, электр қозғалтқышын жөндеу, сыртқы қабырғаларды ретке келтіру бойынша жұмыс жасап жатыр. Жалпы Павлодарда қазір 3 субұрқақ іске қосылған.

ОРАЗБЕК САЯХАТ, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАС МАМАНЫ

Қазіргі уақытта Орталық жағалаудағы және Мәдениет сарайындағы, Аймауытов атындағы театр жанындағы су бұрқақтар іске қосылды. Қалған субұрқақтар да кезең-кезеңімен іске қосылатын болады. Жалпы «Коммунсервис» қарамағында 20 субұрқақ бар.

Айта кетейік, облыс орталығында жалпы 25 субұрқақ бар. Олардың барлығы мамырдың басына дейін іске қосылуы тиіс.

Сондай-ақ, 22 сәуірден бастап Павлодарда жылу маусымы аяқталады.

Шаһардың біраз бөлігінде гидравликалық сынақтар басталады.

ОРАЗБЕК САЯХАТ, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАС МАМАНЫ

Осы жылу маусымы аяқталған күннен бастап, яғни Павлодар қаласының оңтүстігінде гидравликалық сынақтар жүргізіледі. Оңтүстіктегі сынақтар аяқталғаннан кейін солтүстікте жүргізілетін болады.

Айта кетейік, оңтүстік аумақта гидравликалық сынақтар аяқталғанша ыстық су болмайды. Сынақ нәтижесінде ақау анықталмаған жағдайда ыстық су бірден беріледі.

Самал Қалиқызы