Марғұлан университетінің студенттері мен ғалымдары атақты жерлесіміз, академик Әлкей Марғұланның 120 жылдығына орай «Ұлы дала» археологиялық қазба экспедициясына аттанды. Университет ұжымы Байдала ауылы маңындағы қорымын зерттемек. Толығырақ тілші әңгімесінде.

Білім ордасының археологиялық зерттеу орталығы көне қорғандарды зерттеп жүргеніне 20 жылдан асты. Осы уақыт ішінде талай құнды деректер табылған. Биыл «Ұлы дала» экспедициясы Ертіс өзені алқабын, Баянауыл жерін және Солтүстік пен Шығыс Қазақстандағы қалашықтарымен кесенелерін зерттеу жұмыстарына қатысады. Стуженттер зерттеу жұмыстарын Кенжекөл маңындағы Байдала ауылынан бастамақ.

ЕҢЛІК ӘБЕУОВА, МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ МАРҒҰЛАНТАНУ ОҚУ-ЗЕРТТЕУ КЕШЕНІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ

Осы жылы біз Павлодар Ертіс өңірінде Ә.Марғұлановтың туған жері Баянауылда қазба жұмыстарын өткізуге ұйымдастырудамыз. Сонымен қатар далалық зерттеулер сезонында үлкен үлкен тарихи жәдігерлер, біздің тарихи мәдени мұрамызды ашатын, тың, жаңа мәліметтерге қол жеткіземіз деген ойдамыз.

Аружан Қаламова, тарих мамандығы бойынша білім алуда. Биыл қатарластарымен бірге жыл сайын ұйымдастырылатын археологиялық қазба жұмыстарына қатыспақ.

АРУЖАН ҚАЛАМОВА, МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ТАРИХ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ

Тәжірбиеден кейін қызығушылығымз ашылып, сол жерде жұмыс істеуге қалдық. Біз тарихшы, болашақ мұғалім ретінде өз тарихымызды тек қана кітаптан ғана оқымай. Көзбен көріп өзіміз зерттеу керекпіз деп ойлаймын. Сондықтан қазба жұмыстары әр тарихшы үшін өте маңызды орын алады.

 Археологтар қазақ жерінде зерттелмеген қорымдар көп екенін айтады. Келешекте олар басқа университтермен бірлесіп, Оңтүстік және Орталық Қазақстан облыстарына барады.

Әйгерім Тоқпанқызы