Тарихымыздағы елеулі есімдердің бірі Шоң би. Ол дәстүрлі қазақ билік жүйесіне өзгеріс енгізген жандардың бірі. Халықты ағарту, білім алу жолына бағыттаған ел басқарушы. Май ауданында оқушылар арасында Шоң би оқулары өтті.
Шоң би оқулары биыл бесінші рет ұйымдастырылып отыр. Әйгілі тұлғаның 265 жылдығы қарсаңында алғаш рет өткен. Содан бері үздіксіз жалғасуда. Алдымен аудандық мәдениет үйінде ашылу салтанаты өтті. Артынша қатысушылар үш бағыт бойынша бақ сынау үшін Көктебе ауылдық мектебінде келді. Сайыстың бір бағытының шарты қатысушылар Шоң би тұлғасына жыр арнауы керек.
Бұдан бөлек оқушылар тест бағыты бойынша білімдерін сынады. Бұнда Шоң би туралы жазылған еңбектер негізінде сұрақтар қойылады. Қатысушылар бәріне түгел жауап беріп, қапы қалмауға тырысты.
АРУЖАН ҚАБДЫКӘРІМ, МАЙ АУДАНЫ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ
Бүгін Шоң би сайысына келдім. Сұрақтар оңай. Өзім білетін сұрақтар келді. Өте қызықты. Жақсы тапсырдым деп ойлаймын
АЙНАРА ДОСЫМЖАНОВА, АҚЖАР АУЫЛДЫҚ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ
Бүгінгі аудандық Шоң би оқулыраны тест бағыты бойынша келіп тұрмын. Сайысқа қатысу үшін Шоң бидің өмірбаянымен танысып, іздендім. Іздену барысында өскелең ұрпақ үшін қалдырғанын түсіндім
Сонымен қатар, аудандық Шоң би оқуларына келген оқушылардың бір тобы эссе бағыты бойынша сыналды. Жарыс барысында ойларын қағазға түсіріп, әділқазыларға ұсынды. Қатысушылар сайыстың қызықты болғандығын, мол тәжірибе жиғандықтарын айтады.
ЖАНСАЯ АМАНЖОЛОВА, МАЙТҮБЕК АУЫЛДЫҚ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ
Қызық болды өзіме. Ол кісі туралы ақпарат білу, арнау жазу өзіме қызық. Өзімізге қағаз беріп өлең де жаздырды. Бақ шаба ма, бап шаба ма білмейміз
Сайыс мәресіне де жетіп, жеңімпаздар мәдениет үйінің сахнасында марапатталды. Барлығына мақтау қағаздары, естелік сый табысталды. Баба тағылымын, ел тарихын насихаттауға бағытталған шара осылайша өз мақсатына жетті.
Жанасыл Серікбол