1 сәуірден бастап Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясына құжат қабылдау басталды. Жалпы оқу орны 11 бағдарлама бойынша магистратура, докторантураға түсушілерді қабылдайды. Биыл өзгерістер енгізілген. Тілші жалғастырсын.

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау, олардың біліктілігін арттырумен айналысатын оқу орны. Мемлекеттік басқару академиясы магистратура, докторантура бағдарламалары бойынша білім береді. Академиға оқуға қабылдау науқаны 1-сәуірде басталған. Үміткерлер құжаттарын онлайн форматта өткізулері керек.

САМАЛ ЖАРҒАҚОВА, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Биыл академияға мемлекеттік 6 магистарлік, докторлық түрде жүзеге асырылады. Магистр бойынша 120, докторантура бойынша 12 грант қарастырылған. Грантқа тапсырушылар жолдама ұсыну керек. Ақылы түрде тапсыратындарға жолдама талап етілмейді.

Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясына қабылдауға

 биыл өзгерістер енгізілді.

САМАЛ ЖАРҒАҚОВА, ҚР ПРЕЗИДЕНТ ЖАНЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ФИЛИАЛ ДИРЕКТОРЫ

Халықаралық саясат оқу мерзімі қысқартылды. Биыл құқы қорғау органдарынан үміткерлер қабыладанады. 5 тамызда белгілі болады. Бағалаудың саны да көтерілді.

Қазіргі таңда академияда 230-ға жуық адам оқып жатыр. Былтыр Павлодар облысынан 9 адам құжат тапсырған. Олардың екеуі модульдік оқу бағдарламасында, 7-еуі мемлекеттік органда басшы лауазымында қызмет атқарады.

САМАЛ ЖАРҒАҚОВА, ҚР ПРЕЗИДЕНТ ЖАНЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ФИЛИАЛ ДИРЕКТОРЫ

Биыл академияда 6 магистралік, жалпы 11 бағдарлама бойынша құжаттарды қабылдау басталады. Мемлекеттік басқару, адам ресурстарын басқару, мемелкеттік басқару және экономика мамандықтары бойынша жүзеге асырылады.

Айта кетейік, академияға грантқа түсушілерге шәкіртақы тағайындалады, жұмыс орны сақталады.

Самал Қалиқызы