Еліміз Құрбан айт мейрамын атап өтті. Павлодарлықтар алтысы күні таңда айт намазына жиналды.

Мәшһүр Жүсіп мешітіне жиналғандар саны мол болды. Айт намазының алдындағы уағызға құлақ қойған жамағат артынша сап құрып, жаратқанға құлшлық етіп, айт намазын өтеді. Қайырымдылық мейрамында дұға тілеп, елдің амандығын тілесті. Айт намазынан соң жұртшылық «Құлагер» ипподромы аумағында құрбан шалды. Бұнда қасиетті рәсім үшін арнайы орын дайындалған.

Серік Темірғалиев, «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінің наиб имамы

Бұл жерде шамамен мыңнан аса қой бар. Адамдар келіп, арнайы қасапшыларға сойдырады. Бас үйтетін, ішек-қарын аршитын орын бар. Бәрі ұйымдастырылған Жылдағыдай қалыпты өтіп жатыр. Көбінесе сағат 11.30. 12.00 ге дейін тығыз болады.

Бұнда жеткізілген малдар және құрбандық шалу барысы ветериинарлардың бақылауында болды.

Асылтас Тілеубаев, Павлодар облысы ветеринария басқармасының басшысы

Малдардың келуін, ілеспе құжаттарын бәрін қарап, одан кейін мына сою процесіне етене араласып, санитарлық жағдайын қадағалап жатырмыз Передвижной мобильдік ветеринарлық пункт бар. Сол ветеринарлық лоборотоия тексеріс жүргізіп жатыр. Барлық жануарлар сараптамадан өтеді.

Қазақстан мұсылмандарының Діни басқармасы биыл құрбандық шалу рәсімін онлайн және офлайн форматта ұсынды. Құрбандықтың онлайн форматында мұқтаж адамдар qurban.muftyat.kz сайтына кіріп, өз мекенжайы мен телефон нөмірін жазып, тіркелді. Содан кейін имамдар еріктілермен бірлесіп, мекенжайларын қалдырған жандарға құрбандық сыбағасын таратты.

Жанасыл Серікбол