Павлодар құрама командасының Алыш белбеу күресінен спортшысы Нұрсая Берікболқызы Үндістанның Дели қаласында өткен Азия чемпионатында 1 орын жеңіп алды. Ол спорттың бұл түрімен 2-сыныптан бері айналысады. Толығырақ алдағы сюжеттен көрейік.
Ақсу ауылдық аймағына қарасты Мәмәйіт Омаров атындағы ауыл тұрғыны Нұрсая Берікболқызы 9-сыныпта оқиды. Бойжеткен қазақ күресімен 2-сыныптан бері айналысады. Алайда, бойжеткен белбеу күресі мен оның қырғызша түрі алыш күресін де жақсы меңгерген. Спортшы жақында Үндістан астанасы Делиде өткен алыштан Азия чемпионатына қатысты. Онда үш бірдей қарсыласын артта қалдырып, алтын медалді мойнына тақты.
Нұрсая Берікболқызы, белбеу күресінен Азия чемпионатының жеңімпазы
Жарыстың деңгейі өте жақсы өтті. Барлығы ұнады, ешқандай қатты деңгей көрген жоқпын .Өзіме сенімді болдым, 1-ші орын алуға. Ең қиыны аздап, ирандықпен күрескенім болды. Әрине оған жеңісті бермей, өзімнің Қазақстаныма жеңіспен келдім.
Аталған спорт түріне қызығушылық бастауыш сыныпта пайда болды. Осы уақыт аралығында Жансая бірнеше республикалық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
Нұрсая Берікболқызы, белбеу күресінен Азия чемпионатының жеңімпазы
Белбеу күресіне қызықтық. Бірінші жарысым чемпионат Қазақстан Астанда болған, өкінішке орай аяғымды сындырып алдым. Одан бет алмай Талдықорған облысында болды чемпионат Қазақстан, онда 2 орын алдым 55 кг салмақ дәрежесінде. Және Шымкент қаласында 2 орын алдым. Осы қателеспесем, 2024 жылдың 10 айында бізден Аңсат деген бала Әлем Чемпионатынан орын алып келді. Соның медаліне қызықтым дейін бе, Әлемнен орын алып келген соң бізде қызығып Азия чемпионатына дайындалдық қатты, осылай бірінші орынды алып келдік.
Нұрсаяның бапкері оның табандылығы мен қажырлы еңбегіне жоғары баға береді. Келешекте оның спорттық мансабы одан әрі өрге басады деп сенеді. Сондықтан ол қазір Қостанайда өтетін Қазақстан чемпионатына дайындығын бастап кеткен. Одан соң Нұрсаяны әлем чемпионаты күтіп тұр.
Асхат Өкенов, қазақ күресінің бапкері
Нұрсая осы жақтан бастады, өзі 2-сыныпта күреске келген. Қатысқанына 7-8 жыд болып қалды. Тек ғана қазақ күресінен емес, дзюда мен самбодан да, белбеу күресінен осындай үлкен жетістіктер алды, оның алдында да қол жеткізді. Дайындығы жаман емес, тек дайындалып жүр. Жалпы, негізі күрес 10 жастан қабылдайды. Бізде, ауылда 6 жастан балалар келе береді. Ауылда 50-60 –тай бала дайындалады. Тек ғана қазақ күресі емес, дзюдо,самбо, белбеу күресін қатарынан алып, дайындала береміз.
Жерлестерінің жеңісіне қуаныш білдірген ауыл жастары спортшыға 400 000 теңге көлеміндегі ақшалай сертификат пен тұлпар тарту етті. Сонымен қатар, оны осындай жоғары деңгейге дайындаған бапкеріне бір жылқы мінгізілді.
Қымбат Садық