Бүгін, 9 маусым – Халықаралық архивтер күні. Аталған күн – қоғам жадысын сақтауда аянбай еңбек етіп жүрген архив қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Мереке қарсаңында біздің түсірілім топ Павлодар облыстық мемлекеттік архивінің тыныс-тіршілігімен танысып қайтты.
Павлодар облыстық архивінде бүгінде миллиондаған тарихи құжаттар сақтаулы. Бұл жерде ХІХ ғасырдың соңындағы ревизиялық тізімдерден бастап, тәуелсіз Қазақстанның алғашқы жарлықтарына дейінгі маңызды деректер жинақталған. Айта кету керек, біздің арнамызда мұрағатшылардың қатысуымен «Бір құжаттың тарихы» атты бағдарлама арна эфирінде шығады. Онда тарихтан сыр шертетін құнды мағлұматтар айтылады.
Күләш Есімханова, Павлодар облысы мемлекеттік архивінің архивисі
Павлодар облыстық архивте 11 филиалында және де Екібастұз қаласындағы мемлкеттік архивінде 1 миллион 201 мың 900 іс сақталған. Осы жол қай жерде қандай құжаттар бар, құжаттардың ішінде қандай маңызды мағлұматтар бар екені нұсқаулықта көрсетілген.
Павлодарлық архившілер ұлттың құндылықтарын сақтауда аянбай еңбек етіп жүрген кәсіби жандар. Олардың тынымсыз жұмысы өткен мен бүгінді, бүгін мен болашақты жалғайтын алтын көпір.
Дильназ Куанышбекқызы