Барша мұсылман қауымының ұлық мейрамы — Құрбан айт тойланды. Діни мейрамды атап өтумен қатар, тұрғындар ортақ мерекеге айналдырып жатыр. Біздің түсірілім тобы осындай бір игі бастамаға куә болып қайтты.
Дильназ Куанышбекқызы, тілші
Мәшхур жүсіп көшесі 26 үйдің тұрғындары құрбан айт мейрамын ерекше форматта атап өтті.Олар бірігіп дастархан жайып, балаларға айттық таратты.Бұл ауыз біршіліктің,көршілік қарым-қатынастың жарқын көрінісі.
152 пәтерлі бұл үйдің тұрындары бір- бірімен тату. арлық мерекелік және әлеуметтік шаралар бірлесіп ұйымдастырады. Ақ дастархан жайып, мерекелер тойлады.
Татьяна дружинина, М. Жүсіп көшесі 26 үйдің тұрғыны
Біздің көршілеріміз өте тату. Ұлықбек көптен бері дастархан жайып, басымызды біріктіруде көздеген еді. Міне Құрбан айт мерекесінде жүзеге асты. Ұсынысын қолдадық. Міне енді тәтті тағамдармен дастархан жайып жатырмыз.Алдағы уақытта бұл дәстүрге айналады деген ниеттеміз.
Мереке аясында тұрғындар бір-біріне ізгі тілектерін арнады. Құрбан айт тек діни ғана емес, адамдарды жақындастыратын рухани мереке.
Ұлықбек Ахметов, Павлодар қаласының тұрғыны
Мен өзім 2020 жылы отбасыммен бірге 4 подьездге көшіп келген едім.Бастапқыда көршілерді танымайтын едік.Бүгінгі мерекелік шараның арқасында танысып, білісіп жатырмыз.Қазақта мақал бар ғой бірінші көрші ал сосын үй ал деген. Құдайға шүкір көршілерімізде өзіміз сияқты қарапайым адамдар екен өте қуаныштымыз.
Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі тұрғындардың бастамасы — көпке үлгі. Көршілер арасындағы осындай татулық пен бірлік ел ішінде береке мен тұрақтылықтың негізі болмақ.
Дильназ Куанышбекқызы