Павлодар қалалық номері екінші соты тонаушылардың іс-әрекетіне қатысты үкім шығарды. Оқиға 11 қаңтар күні болған.

Бұрын сотталған екі азамат масаң күйінде бір пәтердің есігін қағып су сұраған. Пәтер иесі еш күдіктенбестен үйге кіргізген. Сол сәтте олар жасына байланысты қарсылық көрсете алмайтындығына көз жеткізген соң күш қолданып, пәтер иесінің ұялы телефонын, қол сағатын, киімдері мен 26 мың теңгені тартып алған. Кешікпей олар ұсталып, сотқа тартылды. Сот кезінде барлық кінәсін мойындады.

МАРЖАН ҚҰРМАНҒАЛИЕВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ СОТЫ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАС МАМАНЫ

Сот кінәсін мойындауын, жасаған ісіне өкінуін, сондай-ақ, бұрын соттылығы бойынша жазасын толық өтемеген Н мен И дің жеке басын ескере отырып, үкімдердің жиынтығы бойынша түпкілікті әрқайсысына 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайынады. Үкім заңды күшіне енгген жоқ.

ЖАНАСЫЛ СЕРІКБОЛ, ЕА