Отбасы күніне арналған тағы бір шара «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау жөніндегі өңірлік орталықта» өтті. Балаларға мерекелік концерт ұйымдастырып, ата-аналар мамандардан кеңес алу мүмкіндігіне ие болды.

Шараның мақсаты – адам өміріндегі отбасының рөлін ашып, тәрбиеленушілерде жанұяның идеалы туралы ой қалыптастыру. Орталық арнайы мамандарды шақырып, ата-аналарға да ата-ана құқығын қалпына келтіру, баланы қамқорлыққа алу және олармен жұмыс жасау жөнінде кеңестер берді.

КӨРКЕМ САҒИЕВА, АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРГЕ МҰҚТАЖ БАЛАЛАРДЫ ҚОЛДАУ ЖӨНІНДЕГІ ӨҢІРЛІК ОРТАЛЫҚ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Осы шара аясында біз бүгін осы мерекеге ата-аналарымызды кеңеске шақырдық. Кеңес беретін мамандар – дәрігер-психиатр, педагог-психолог, юрист орталықтың, әлеуметтік қызметіміз орталықтың және қорғаншылық қызметіндегі жұмыс атқаратын мамандар. Осы кеңесте ата-аналар балаларын ары қарай қалай үйге қайтару, қандай жұмыстар атқару шарасында кеңес алатын болады.

Кездесуге қатысқан ата-аналардың бірі – Валентина Ващук. Ол мамандар кеңесінің көп көмегі тигенін айтып, алғысын білдірді. Сонымен бірге, мереке қарсаңында балаларға тілегін арнады.

ВАЛЕНТИНА ВАЩУК, АТА-АНА

Мұнда қамқорлыққа алған Димамен және немерем Софиямен келдім. Орталыққа жарты жыл келіп жүрмін. Баланы қамқорлыққа алу үшін құжаттар дайындауға көмектесті, сондықтан орталық маған өте жақын». Менің немерем мен қамқорлыққа алған балам жақсы тіл табысты. Мен олардың болашағы жарқын болғанын қалаймын. Оларды жақсы адам етіп өсіріп-жеткізсем деймін.

Жеткіншектер мерекеге арнап концерт ұйымдастырып, өнерлерін ортаға салды. Сондай-ақ, жарыстарға қатысып, футбол ойнап, уақыттарын қызықты әрі пайдалы өткізді.

ЖҰЛДЫЗ ҚАБЫЛДЕНОВА, МЕДЕТ КӘРІМ, ЕА