15 мамыр – халықаралық отбасы күні. Осыған орай, кішкентай бүлдіршіндердің жылдамдығы сарапқа салынатын – Baby start жарысы өтті. Еңбектеп жүрген балғындар ата-аналарымен шапшаң қимылдауға тырысты. Қызыққа толы бәсекеге тілшіміз куә болып қайтты.

Еңбектейтін сәбилердің дәстүрлі сайысы биыл да жалғасын тапты. Балғындардың бұл мерекесін жастар бастамаларын дамыту орталығы тұрақты түрде ұйымдастырып келеді. Басты мақсат – жас отбасылардың арасындағы байланысты нығайтып, сәбилерді ширатып, отбасылық құндылықтарды арттыру.

ЖАНДАРБЕК ҚАБДЫРАШ, ЖАСТАРҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Халықаралық отбасы күніне орай baby start атты шарамызды өткіздірудеміз. Бұл – ең басты конкурстардың бірі. Отбасы араларындағы қарым-қатынасты нығайту деген мақсатпен, насихаттау отбасылық құндылықтарды, сондай мақсатпен өткіздіріп жатырмыз.

Бөбектер алдымен 10 метр қашықтықта кім мықтыны анықтады. Еңбектеп жүрген балғындар мәре сызығына алғаш болып жету үшін сайысқа түсті. Одан кейін ата-аналарымен бірге бақ сынады.

АБДОЛЛАЕВТАР ОТБАСЫ, САЙЫСҚА ҚАТЫСУШЫЛАР

Ұлымыз жақында, 2-3 күннен соң 1 жасқа толады. Осы кішкентай, балалық шағын әдемі естеліктерге толтыру үшін, ортаға бейімдеу үшін осы сайысқа қатысамыз деп шешім қабылдадық. Сәттілік серігіміз болады деп ойлаймыз. Реттік номеріміз жетіге түсіпті. Жеті – киелі сан. Сондықтан жеңістен үмітіміз бар.

Бұл ретте жыл санап жарысқа қатысуға ниет білдірушілердің саны артып келелі. Биыл бөбектердің бәсекесінде 45 отбасы сынға түсті.

ЖҰЛДЫЗ ҚАБЫЛДЕНОВА, МЕДЕТ КӘРІМ, ЕА