Есірткі тасығандар ұсталды
Полицейлер синтетикалық есірткі сатуда күдіктілерді ұстады. Фигуранттар дозаларды байланыссыз тәсілмен жүзеге асырып отырған. Есірткі тасығандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Есірткі тасу, жүзеге асыру тыйылмай тұр. Мәселен, Павлодарда жедел-іздестіру шаралары кезінде 2 түйіншек тасымалдаған ер адам ұсталды. Ал, оның тұрғылықты жерін тінту кезінде салмағы 415 грамм болатын 13 түйіншек табылды. Оқиға орнынан таразы, полиэтилен пакеттерде толған. Сондай-ақ, күдіктінің сыбайласы қолға түсті. Тінту кезінде оның көлігінен салмағы 198 грамм болатын есірткі заты бар 2 пакет табылды.
ИРИНА ТЕМІРҒАЛИЕВА, ПД БӨЛІМ БАСТЫҒЫ
Павлодарда жедел-іздестіру шаралары кезінде 2 түйіншек тасымалдаған ер адам ұсталды. Оның тұрғылықты жерін тінту кезінде салмағы 415 грамм болатын 13 түйіншек анықталды. Оқиға орнынан таразы, полиэтилен пакеттер де тәркіленді.
Жедел-іздестіру шараларын өткізу кезінде полиция қызметкерлері екі адамның виртуалды дүкен арқылы есірткі сатуды ұйымдастырғаны анықталды. Ер адамдар көтерме "қаптамашылар" болып, есірткіні интернет-дүкен арқылы алған. Кейін курьерлерге беру үшін жасырын орындарға орналастырып отырған.
Самал Қалиқызы, ЕА