Павлодарда көші-қонға бөлінген қаржы талауға түскен. «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасын іске асыруға бөлінген бюджет қаражатын ұрлау фактілерін прокурорлар анықтады.

Ішкі көші-қон бағдарламасы бойынша оңтүстік аймақтардан көшіп барған тұрғындарға қараусыз қалған үйлерді арзанға алып беріп, құжаттағы бағасын ондаған есеге көтере көрсеткен. Қоныс аударушылар алатын баспананың 50%-ын мемлекет өтейді. Алайда бір үйдің құны 4,2 миллион теңгеден аспауға тиіс деген талап бар. Бірақ бюджет қаражатын қалтаға көбірек басу үшін баспана құны 8 миллион теңгеге дейін бағаланған. Ал, тексеру барысында олардың кейбірін 500 мың теңгеге сатып алғаны белгілі болды.

АСХАТ АТИКЕЕВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ПРОКУРОРЫНЫҢ КӨМЕКШІСІ

Тек алты ауданда ғана 600 млн теңгеден астам шығын анықталды. Прокурутура тексеріс материалын ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Тергеу амалдарын арнайы прокурорлар жүргізуде. Тексерістер әлі де жалғасуда.

ЖАНАСЫЛ СЕРІКБОЛ, АРМАН ЯКУБОВ. ЕА