Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына орай қалалық әндер байқауы ұйымдастырылды. Ол балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығында өтті. Толығырақ алдағы сюжетте.

Әнім-жырым саған туған ел патриоттық әндер байқауы жас таланттардың басын қосты.Шара халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Жеңіс туын желбіреткен батырдың ғұмыр жолы, жасөспірімдерде патриоттық сезім, елін сүю қасиеттер насихатталды.

ЖҰЛДЫЗ МАШКЕНТАЕВА, БАЛАЛАР-ЖАСӨСПІРІМДЕР ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ӨЛКЕТАНУ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ

Оқушылардың бойында патриоттық сананы қалыптастыру мақсатында балалар-жасөспірімдер туризм орталығында Рахымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына арналған «Әнім-жырым саған туған» қалалық байқауы өтуде. Бұл байқауға қала мектептерінен 100-ден аса оқушы қатысуда. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер қалалық білім беру бөлімінің дипломдарымен марапатталады.

Мұндай шараның маңызы зор. Қатысушылар саны да артқан, сапасыда көңілге қонымды. Сайысқа келгендерге қойылар ортақ талап біреу, отанға деген сүйіспеншілікті насихаттап, жанды дауыспен ән шырқау.

АЛИНУРА ҚАРАТАЕВА, БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ

Мен Бауыржан Момышұлы атындағы мектептен келдім. «Әуенә триосының мүшесімін. Біз мұнда Жайна туған ел дегенді ән орындаймыз. Жқасы орын аламыз деп сеніп отырмыз.

АЛИНА ӘШІРБЕКОВА, БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ

Біз Кенжекөл ауылынан келдік, «Отан» әнін «Дорами» тобымен айтамыз.

Айта кетейік, байқауға 100-ден аса жеткіншек қатысты. Қазылар үміткерлердің ән айту шеберлігімен қатар, тақырыпты дұрыс таңдауы мен сахнада өзін ұстауына да мән берді. Мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі – жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу.

ҚЫМБАТ САДЫҚ, АРМАН ЯКУБОВ, ЕА