Соңғы демалыс күндері суға кете жаздаған екі адам құтқарылды. Оларға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Үшінші жағдайда пациенттің өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Жаз басталғалы өңірде жедел жәрдем шақыртуларының саны көбейген.  


Павлодар облысының жедел жәрдем қызметіне күнделікті 630 –дей шақырту келеді. Бірақ жаз басталғалы тек кеңес беру қоңыраулары 300-ге жетіпті. Осыдан-ақ медициналық көмекке жүгінушілер қатарының артқанын байқауға болады. 

Ирина Мищенко, Павлодар облысы жедел-жәрдем станциясы басшысының орынбасары

Кешегі тәулікте бізге 800 қоңырау келіп түсті. Шақыртулардың басым бөлігі жүрек қан тамырлары аурулары , өкпе аурулары яғни асқынулары бар науқастарға шақыртылады. Кешегі күні 100-ден астам вирустық инфекция бойынша қоңыраулар болды. Олардың 75 пайызы кішкентай балалар. Себебі олар жаз уақытында бассейнге түседі, суық су ішіп, балмұздақ жейді.

Жаз мезгілінде судан келетін қауіп жоғары. Себебі, тұрғындар балаларымен бірге тыйым салынған орындарда суға түсуді әлі де доғармай отыр.

Ирина Мищенко, Павлодар облысы жедел-жәрдем станциясы басшысының орынбасары

Бірінші жағдай жасөспірім қыз жағада жүріп, суға кірген. Тепе теңдікті жоғалтып, құлап, аяғы топыраққа кіріп кеткен. ағынмен кетіп бара жатып, көмек сұраған. Аман есен құтқарылды. Екінші жағдайда 50-ші жылғы ер адам, суға кете жаздады. Пациент судан шығарылып, дәрігерлермен тиісті медициналық манипуляциялар жасалды. Үшінші жағдайда 60-жылғы пациентке аудандық аурухана деңгейінде көмек көрсетілді. Реанимацияциялық көмек жасалды, бірақ өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. 

Бұл ретте, дәрігерлер өңір тұрғындарына шомылу маусымында барынша қауіпсіздік шараларын сақтауға, ішімдік қолданып суға түспеуге, балаларды назардан тыс қалдырмауға шақырады.    

Самал Қалиқызы