Жыл сайын қалыптасқан дәстүр бойынша ардагерлер мен полиция қызметкерлері қаза тапқан әріптестерінің ерлігі мен батырлығына тағзым етеді. Іс-шара бір минут үнсіздікпен басталып, Мемориалға гүл шоқтарын қою рәсімімен жалғасты.
Салтанатты шараға Павлодар облысының әкімі Асаин Байханов, Департамент басшылығы, ішкі істер органдарының ардагерлері және қаза тапқан қызметкерлердің отбасы мүшелері қатысты.
Жиналғандар қаза тапқан әріптестерін бір минут үнсіздікпен еске алды. Құрмет қарауылы ротасы қарудан оқ атып, жеке құрам салтанатты шерумен жүріп өтті.
– Біздің қызметкерлеріміз қызметтік борышын атқару кезінде бейбіт тұрғындардың тыныштығын қорғап, ең қымбат қазынасы – өмірін қиды. Олар: Ахметқали Тезекбаев, Мейрам Даулетов, Канат Сармантаев, Ерлан Нұржанов, Ербол Сембаев, Асылбек Бижанов, Фарид Какабаев және Арли Харки. Бүгін жүрегімізде қайғы болса да, біз олардың жанқиярлығы, батылдығы мен ерлігі үшін мақтанамыз.– деп атап өтті Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы Василий Скляр.