23 маусым – Қазақстан полициясы күні. Осыған орай Павлодар қаласының орталық жағалауы мерекелік алаңға айналды. Шара құқық қорғау органдары қызметкерлерінің еңбегін насихаттап, олардың қоғамдағы маңызды рөлін көрсету мақсатында ұйымдастырылды.


Қала тұрғындары мен қонақтары полицияның қызметтік көліктерін, заманауи құрал-жабдықтарын жақыннан көріп, олардың қызметімен танысуға мүмкіндік алды. Мерекелік шара аясында 2025 жылы жарық көрген «Капитан Байтасов» көркем фильмі көрсетілді. Туынды арнайы полиция қызметкерлерінің жауапты әрі қауіпті еңбегін, олардың кәсіби шеберлігі мен ерлігін баяндайды.

Нұрасыл Аймекенов, Павлодар облысы патрульдік полиция ротасының қызмет инспекторы

Біздің ең бастапқы мақсатымыз ол Республикалық маңызы бар автожолдарда тәртіп пен қауіпсіздікті қадағалап отыру үздіксіз. Жүргізушілермен әрдайым ескерту, шаралар өткізу. Жол-көлік апатын алдын алу болып табылады.

Полиция қызметі маңызды және жауапкершілігі мол жұмыс. Осыған орай қауіпсіздікті қалыптастыру, тыныштықты орнату жолдарындағы еңбектеріңізге сәттілік тілейміз. Еңбектеріңізге адал болыңыздар. Еліміз тыныш халқымыз аман болсын.

Кеште ардагерлер мен қазіргі қызметкерлер кездесіп, кәсіби тәжірибелерімен бөлісті. Бұл жас буын мен аға буын арасындағы сабақтастықты нығайтып, қызметтің маңызын кеңінен насихаттауға мүмкіндік берді.

Айдарбек Сүлейменов, полиция саласының ардагері 

Шын айту керек, біздің заманда не жеңіл емес, не ауыр болмады. Халықпен жақсы қарым-қатынаста болдық. Қылмыс ашу деген әрдайым болды. Көлік, техника аз болды. Екі кісіге бір рация болды. Соған қарамастан тырысып, қылмыс ашуға дайын болатынбыз, күні-түні жұмыс істейміз. Жастарға тілейтінім биіктен көрінсін. Жақсы, үлгілі отбасы болсын. Жұмыста тағайынды болсын. Еліміз тыныш, аман болсын.

Мерекелік кеш концерттік бағдарламаға ұласты. Өнерпаздар ән шырқап, жиналған қауымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.


Полиция қызметі – қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды сала. Сондықтан бұл мереке – ел тыныштығы жолында еңбек етіп жүрген тәртіп сақшыларына көрсетілген құрметтің белгісі.


Сабина Жолдаспаева