Мемлекеттік қызмет саласында аянбай еңбек етіп жүрген жандар қаншама. Солардың бірі – Павлодар облысы Әділет департаментінің бөлім басшысы Лариса Кабжасарова. Жалпы мемлекеттік қызметте істеудің қиындығы мен қызығы жайлы келесі сюжетте.
Лариса Кабжасарова Павлодар қаласының тумасы. Еңбек жолын 2003 жылы облыстық әділет департаментінің бас маман ретінде бастады. Еңбегіне деген адалдығы мен жауапкершілігінің арқасында бөлім басшысы қызметіне дейін жетті.
Лариса Кабжасарова, Павлодар облысы әділет департаментінің бөлім басшысы
Мен өзімнің еңбек жолымды 24 жыл бұрын бастадым. Мен мамандығым бойынша заңгермін. Мен мемлекеттік қызметке азаматтардың хал актілерін тіркеу саласы бойынша келдім. Айта кету керек, бір қарағанда АХАж бөлімі бір мерекелік, безендірілген түрде көзге елестейді. Бірақ оның артында қаншама адамның еңбегі жатыр. Себебі бұл салада адамның өмірінен бастап өмірден өткеніне дейінгі құжаттар тіркеледі.
Кейіпкеріміз өзіне жүктелген міндеттерді сауатты әрі кәсіби шеберлікпен орындайды. Лариса Қазтайқызы ұжымда сыйлы, әріптестеріне кез келген уақытта қолұшын бере алатын жан. Мемлекеттік қызметшінің жарқын бейнесі деуге болады.
Лариса Кабжасарова, Павлодар облысы әділет департаментінің бөлім басшысы
Мен мемлекеттік қызметке келгенде мықты, тәжірибесі мол, жауапты тәлімгерлерім болды. Солардың көмегінің арқасында көп нәрсе үйрендім. Олар менің қызметіме деген махабаттымды оятып, жауапкершілігімді арттырды. Себебі, менің істеген ісімнің дұрыс-бұрыстығы адамның тағдырына әсер етуі мүмкін. Өзім де еңбек жолымда кездескен, мында келген жастармен тәжірибеммен, біліммен бөлістім.
Мемлекеттік қызметкер болу – зор құрмет, сондықтан кәсібилікпен бірге жоғарғы адамгершілік қасиеттерге ие болған абзал. Мемлекеттік қызметкер халық алдында жауапкершілікті сезіне білуі үшін мемлекеттік қызметтің беделін көтеру маңызды.
Самал Қалиқызы