Өңірімізде Мемлекеттік қызметші күніне арналған салтанатты шара өтті. Жиынға мемлекеттік қызметтің әр саласында еңбек етіп жүрген мамандар, ардагерлер мен жас қызметкерлер қатысты. Мерекелік шара барысында мемлекеттік басқару жүйесінің дамуына үлес қосып жүрген қызметкерлерге құрмет көрсетіліп, наградалар табысталды. 


Салтанатты жиында мемлекеттік қызметшілерді Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары құттықтады. Ол мемлекеттік қызметтің халық пен билік арасындағы маңызды көпір екенін айтып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген мамандарға алғыс білдірді. 

Серік Батырғожинов, Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары

Ел президенті Касым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, мемлекеттік қызметші әділетті Қазақстанның айнасы. Сондықтан мемлекеттік қызметкер болу аса үлкен жауапкершілік пен мәртебе. Өңіріміздің дамуы сіздердің күнделікті қажырлы еңбектеріңіздің тікелей нәтижесі. Сондықтан өздеріңізге шынайы ризашылығымды білдіремін. Мемлекеттік қызметшіге қойылатын талап қашан да жоғары. Адалдық, әділдік, жауапкершілік, ашықтық пен кәсібилік біздің жұмысымыздың негізгі бағдары. Осы құндылықтарға берік болу баршамыздың парызымыз. Сіздерге мықты денсаулық, шаңырақтарыңызға шаттық, қызметтеріңізге толағай табыс тілеймін. Мереке құтты болсын құрметті әріптестер. 

Көп жылғы адал еңбегі мен кәсіби қызметіндегі жетістіктері үшін бірқатар маман Павлодар облысы әкімінің Құрмет грамотасымен және Алғыс хатымен марапатталды. Сондай-ақ сала үздіктеріне «Үздік мемлекеттік қызметші» ведомстволық төсбелгісі табысталды. Ал мемлекеттік қызметтің дамуына елеулі үлес қосқан ардагерлер «Мемлекеттік қызмет ардагері» төсбелгісімен марапатталып, арнайы сыйлықтар алды.

Динара Тенизова, Железин ауданының білім беру бөлімінің бас маманы 

Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметте 15 жыл жұмыс атқарамын. Бүгінгі таңда, Павлодар облысы әкімінің алғыс хатымен марапатталдым. Бұл марапат әрі қарай жоғары жетістіктерге жетелейді деп ойлаймын. Бүгінгі мемлекеттік қызметшілер күнімен әріптестерімді құттықтаймын. Ең бастысы жұмыстарыңызға табыс тілеймін.

Мемлекеттік қызметтің маңызды бағыттарының бірі – ветеринария саласы. Бүгінде ветеринар мамандар өңірдегі ахуалды бақылап, жануарлар денсаулығын сақтау мен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жұмыс атқарып келеді.

Асылтас Тілеубаев , Павлодар облысы ветеринария басқармасының басшысы

Мемлекеттік қызметте жалпы өтілім 16 жыл. Мемлекеттік қызметке ел игілігіне қызмет ету мақсатында келген болатынбыз. Өте жауапты қызметтердің бірі болып табылады. Өзінің қиыншылықтары да бар. Ең бірінші мақсатымыз-елге қызмет ету. Өзіміздің күш-жігерімізді еліміздің дамуына, экономикалық өсуіне үлесімізді қосу болып саналады. Сол себепті осы мемлекеттік қызметке келіп, бүгінгі күні жұмыс жасап жатқан жайымыз бар мемлекеттік қызметте. 

Шара барысында мемлекеттік қызмет қатарын толықтырған жас мамандарға да ерекше назар аударылды. Олардың арасында конкурс арқылы жұмысқа орналасқан жастар бар. Бүгінде олар мемлекеттік қызметтің түрлі салаларында еңбек етіп, өңірдің дамуына өз үлестерін қосып келеді.

Мерейлім Уәлихан, Павлодар ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы

Оқуымды мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде GPI 3.76 көрсеткішімен аяқтап, ақпан айында Павлодар ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы лауазымына тағайындалдым. Жастарға арналған осындай мүмкіндіктердің арқасында жұмыс жолымды бастадым. Жалпы, ЖОО орнын тәмамдағаннан кейін тәжірибесі жоқ мамандарға жұмыс табу әрдайым оңай бола бермейді. Сондықтан бұл мүмкіндік үшін өте қуаныштымын. Қазіргі таңда туған өлкемде жұмыс істеп, тәжірибе және білім жинақтаудамын.

Салтанатты жиын мерекелік концерттік бағдарламаға ұласты. Шарада өнерпаздар би мен әннен шашу шашып, жиналған қауымға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. 


Сабина Жолдаспаева