Биыл жазғы мектеп аясында 91 оқушыны білім алады. Бұл туралы облыстық аппараттың кеңейтілген жиынында айтылды. Сондай-ақ, онда оқушыларды жазғы демалыспен қамту жөніндегі жоспар да таныстырылды.

Жазғы мектеп облыстағы әр білім ордасында тегін ұйымдастырылады. Оған қатысуы ерікті түрде, ата-аналардың өтініші негізінде болады. Жазғы білім беру 1-8 және 10 сынып оқушыларын қамтиды. Бұдан бөлек, өңірде 110 мыңға жуық оқушыны жазғы сауықтыру-лагерлерімен, жұмыспен және демалыстың өзге де түрлерімен қамту жоспарланып отыр.

САМАЛ АЙТҚАЗИНА, БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Бірінші және он бірінші сынып оқушыларынан бұл көрсетккіш 98,5 пайызды құрап отыр. 43 мың оқушыны қамтидын мектеп жанындағы легерлер. Бейіндік легерлердің ауқымы кеңеяді. Екібастұз қаласында бес мектепте киіз үй лагерлері орналастырылатын болады

Оқушылар жазғы уақытта жұмыспен де қамтылмақ. Әуелі, халықтың әлеуметтік осал тобынан шыққан балалар еңбекке тартылады. Бұл шараға кәсіпорындар мен ірі серіктестіктер ат салысады.

САМАЛ АЙТҚАЗИНА, БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Бюджет қаражаты есебінен 2469 жоғары сынып оқушылары қамтылады. Бюджеттен тыс қаражат есебінен 6306 жоғары сынып оқушылары қамту жоспарлануда. Жұмыс берушілер: «Сергей» ШҚ, «Тимур» ШҚ, «Абай» ЖШС, «Ертіс ормаын» мекемесі.

Білім беру басқармасының жазғы жоспарымен танысқан облыс әкімі ата-налармен байланысты күшету керектігін айтты. Сонымен қатар, жазғы уақытта оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің аса маңызды екендігіне тоқталды.

АСАЙЫН БАЙХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Ертеңнен бастап балалардың жазғы демалысы бойынша керекті жедел желі телефонын бекітуге тиіссіз. Басқармаының арнайы телефоны болуы керек. Ол жерде тсүкен сұрақтарға жауап берілуі керек. Ешқандай бала назардан тыс қалмауы керек. Осының бәрін сіздер толықтай қамтамасыз етулеріңіз керек

Сонымен қатар, жиында бірқатар қала және аудан әкімдері балаларды жазғы демалыспен қамту жайын баяндады. Жоспарларымен бөлісті. Аймақ басшысы жұмыстың сапалы атқарылуына қатысты бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.

Жанасыл Серікбол