Қадірлі көрермен, биылғы жаздың үлкен футбол мерекесі де келді! Бүгін Германияның Мюнхен қаласында футболдан он жетінші рет Еуропа чемпионаты басталады. Ал, бұл дүбірлі доданы «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы тікелей эфирде көрсету құқығын иеленді.

Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары футболдан XVII Еуропа Чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді. Сонымен қатар, qazaqstan.tv, qazsporttv.kz сайттары мен «Qazaqstan.tv» мобильді қосымшасы арқылы ел аумағында онлайн трансляция жасалады. Қазақстандық көрермен бір ай көлемінде екі арнадан Еуропаның үздік құрамаларының 51 кездесуін тікелей эфирде тамашалай алады. Сонымен бірге Еуропа стадиондарында бір ай бойы «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарының арнайы шығармашылық тобы жұмыс істейді». 24 команданың қатысуымен өтетін EURO 2024 ойындары Германияның 10 қаласындағы 10 стадионда ұйымдастырылады. 14 маусым күнгі алғашқы матчта Германия – Шотландия құрамалары кездеседі. Финал 14 шілдеде Берлиндегі «Олимпиаш стадионда» өтеді.

Жанасыл Серікбол