Екібастұз қаласындағы перинаталдық орталықта алғашқы күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Жаңартылған корпус қашан тұрғындар игілігіне беріледі? Келесі сюжеттен көрейік.

Бұл перинаталдық орталықтың ғимараты 1987 жылы пайдалануға берілген. Осы сәттен бастап күрделі жөндеу жүргізілмеген. Сантехника ескіріп, қолайсыздық тудырды. Сондай-ақ ыстық су іркіліспен келіп тұрған.

НҰРЖАН КИНИБАЕВ, МЕРДІГЕР

15 апрельде бастадық. Алла бұйыртса, 15 августта бітіреміз. Төртінші, үшінші этаждар 90 процент дайын. Қазір бірінші,екінші этаждардың жұмысын жүргізіп жатырмыз. Демонтажды бітіргенміз. Енді наружный жұмыстарды бітіріп жатырмыз. Құдай қаласа, үлгереміз деген ниеттеміз. Сапалы, оңды жүріп жатыр жұмыс.

Орталыққа арналған жабдықтар мен жиһаздар былтыр сатып алынған. Күрделі жөндеу жұмысы аяқталған соң, перзентханада қолайлы жағдай жасалады. Осылайша, мамандар аналарға сапалы медициналық көмек көрсете алады.

Жұлдыз Қабылденова, Анастасия Ерш