Павлодар облысында жыл басынан бері терезеден құлап кетудің 7 жағдайы тіркелді. Олардың қатарында балалар да бар. Осындай жағдайлардың алдын алу үшін ата аналармен профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.

Жаз басталса балалардың терезеден құлау фактілері көбейеді. Сондықтан төтенше жағдайлар департаменті ювеналды полициямен бірлесіп балабақшаларды аралай бастады. Ондағы мақсат ата-аналар мен тәрбиешілерге қауіпсіздік шараларын түсіндіру.

МЕРУЕРТ ШАҚАБАЕВА, ТЖБ БАС МАМАНЫ

Ювеналды полициямен бірге балабақшаларда алдын алу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Шараның мақсаты ата аналар мен тәрбиешілерге ашық терезелердің балаларға қаупін түсіндіру болды. Алдын алу шараларын жүргізу. Балалар ойын түрінде қауіпсіздік шараларымен танысты.

Сондай-ақ, кездесу барысында қорғау торларын, бұғаттау бекіткіштерін орнатудың маңыздылығы түсіндірілді. Тәрбиешілер мен ата-аналар үйде де, мекемелерде де балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар алды. Сондықтан, үйіңіздегі терезеге бір рет тор қойып, балаңыздың өмірі мен денсаулығын сақтауға кеңес береміз.

Самал Қалиқызы