Құрбан айт мерекесі биыл 16 маусымда тойланады. Бұл туралы облыстың бас имамы Жолдас қажы Қоспақұлы брифингте айтты. Бұдан бөлек, онлаин құрбандық шалу рәсімі, айт намазының уақыты туралы келесі сюжетте.

Құрбан айт мерекесі мұсылман қауымның ерекше атап өтетін мейрамдарының бірі. Ізгілік пен қайырымдылық, сүйіспеншілік пен махаббатқа толы бұл күн биыл 16 маусымға келіп отыр.

ЖОЛДАС ҚАЖЫ ҚОСПАҚҰЛЫ, ҚМДБ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ӨКІЛ ИМАМ

Арафа күні 15 маусымға келеді. Бұл ең абзалы ораза ұстауға жатады. Үш күн айт күні болады. Павлодар облысы бойынша айт намазы барлық мешіттерде таңғы сағат 6 да оқылатын болады.

Құрбан айттағы басты парыздың бірі - құрбандық шалу. Әдеттегідей ол офлаин және онлаин түрде өтеді. Павлодар қаласында жылдағыдай «Құлагер» ипподромында құрбандық шалуға болады. Ал, онлаин формат үшін арнайы платформа іске қосылды.

ЖОЛДАС ҚАЖЫ ҚОСПАҚҰЛЫ, ҚМДБ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ӨКІЛ ИМАМ

Павлодар қаласында біз жергілікті әкімдікпен бірлесе отырып, ипподромда бастаймыз. Қала тұратын адамдар сол жерде шала алады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы құрбан шалу рәсімін онлайн өткізуге арналған «qurban2024.kz» сайтын іске қосты. Енді қазақстандықтар осы платформаға кіріп, құрбандық малын таңдап, онлайн аударым жасай алады. Малдың бағалары сол жерде тұрады. Одан соң телефоныңызға құрбандық шалынғаны жөнінде бейне есебі жібереміз.

Аталған «Құрбан2024кз» платформасында алдын ала құрбандық шалатын адам да, мұқтаж адам да өтініш қалдыра алады. Сонымен қатар, айт мерекесіне орай Орталық мешіттің ауласында 16 маусым күні сағат 12.00-де арнайы мерекелік шара өтеді.

Самал Қалиқызы