Павлодарлық төртаяқты тәртіп сақшылары жыл басынан бері 80 қылмыстың бетін ашқан. Жалпы полиция қатарында иттердің болуы қаншалықты маңызды. Келесі сюжетте.

Жалпы Павлодар облысында 2014 жылы кинология қызметі орталығы ашылды. Полиция департаментінде қазір 28 ит қызмет етеді. Олардың 15-і Павлодар қаласында, қалғандары аудандарда. Төртаяқты полицейлердің жауапты қызметтері бар.

НИЯЗ УӘЛИЕВ, ПД КИНОЛОГИЯ ҚЫЗМЕТІ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСТЫҒЫ

Оның ішінде 12 ит аудандарда қызмет атқарады адамдарды іздеу бағытында. Әр бағытта жарылғыш заттарды, есірткі заттарын іздеу деген бағыттарда жұмыс жасайды. Тәулік бьойы қзымет атқарады.

Жыл басынан иттердің көмегімен 80 қылмыс ашылды, оның ішінде 5-і ұрлық, 2-і адам тонау, 24-і есірткі қылмысымен байланысты. Мында көбінесе 4-5 жастағы неміс, бельгиялық қасқыр тектес иттер бар. Олар есірткі заттарының иісін жақсы сезіп, тез табады. Жануарлардың арнайы экипировкасы да әркез дайын.

 Сегіз жылдық қызметтен кейін иттер еңбек демалысына да шығады. Оларды полиция қызметкерлері кейін үйлеріне алады. Айта кетейік, осы кинологиялық орталықтың көмегімен жыл басынан өңірде 22 мың есірткі заты табылған.