Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов арнайы экономикалық аумақ болды. Онда инвестициалық жобалардың іске асу барысымен танысты.

Арнайы эконлмикалық аумақ өңірімізде 2011 жылы құрылды. Онда қазіргі уақытта 17 кәсіпорын жұмыс істеуде, биыл тағы 4 кәсіпорынды іске қосу жоспарлануда. Сонымен қатар, тағы 21 кәсіпорын құрылу сатысында.

Өңір басшысы металлургияға арналған бұйымдар мен қосалқы бөлшектерді өндіретін «Еуразиялық механикалық зауыт» ЖШС жоғары технологиялық өндірісінің құрылыс барысымен де танысты. Инвестиция көлемі - 7,3 млрд. Теңге. Жоба іске қосылған соң 60 жұмыс орны құрылады.

Сондай-ақ, құны 6 млрд. теңгеге қорғасын-мырыш аккумуляторларын қайта өңдейтін жобаның іске асырылып жатқаны баяндалды. Өңір басшысы кәсіпорындардың экспорттық мүмкіндіктерін арттыру қажеттігін атап өтті.

Жанасыл Серікбол