Қоғамдағы ең қадірлі жандардың бірі дәрігерлер. Арқалаған аманаты да сан батпан. Оларға қандай алғыс айтса да жарасады. Алдағы мерекеге орай «Аманат» партиясы да медицина қызметкерлерін құттықтады.

Ең ежелгі мамандық. Әрі адамзатпен бірге жасай беретін қадірі артық мамандық. Еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін дәрігердің көмегіне жүгінеді. Аманат партиясының қабырғасында ақ халатты жандарғы облыс әкімінің де алғыс хаты табысталды.

Сонымен қатар, Аманат партиясының орталық аппаратының алғыс хатынмен 20 дәрігер марапатталды. Бұдан бөлек, партияның облыстық мәслихат фракциясы мен облыстық филиалдың атқарушы хатшысы да ілтипаттарын жеткізді.

ИЛЬЯ ТЕРЕЧЕНКО, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ

Мемлекет мүмкіндігінше жағдай жасап жатыр. Жөндеулер жасалып, заманауи құрылғылар жеткізілуде. Дәрігерлердің сапалы қызмет көрсетуіне мүмкіндіктер жасалуда. Сондықтан, біздің облыстың дәрігерлерінің біліктілігі жоғары деңгейде ойлаймын. Барша медицина қызметкерлерін мееркемен құттықтаймын

Адам жанының арашашысы болған жандарға көрсетер ілтипат, айтар алғыс таусылмақ емес.

Жанасыл Серікбол