Павлодарда балабақшадағы бассыздыққа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Атап айтқанда, номері 16 балабақшаның бүлдіршіні тәрбиешіден таяқ жеген. Қалалық білім басқармасы қызметтік тексеріс бастады.

Мән-жайды ата-аналардың өздері анықтаған. Аата-аналардың бірі әлеуметтік желіде оспадар жағдайды баяндаған. Сосын өзгелері бейнебақылауды көрсетуді талап еткен. Алайда, оларға ондай мүмкіндік берілмепті.

Қылмыстық іс мұғалімнің кәмелетке толмағандарды тәрбиелеудегі міндеттерін орындамауы бойынша қозғалды. Қажетті сараптамалар тағайындалған.

Жанасыл Серікбол