Еліміздегі медицина саласының мамандары апта соңында өз атаулы мерекелерін тойлайды. Мереке алдын біздің түсірілім тобы Ертіс ауданына сапармен барып, адам өмірін ажалдан арашалап қалатын ержүрек жандарман жақынырақ танысып қайтты. Солардың бірі жас акушер маман — Лейла Мырзабекова.

Ертіс аудандық ауруханасы қалалық медициналық мекемелерден кем емес, адамдарға толық стационарлық және амбулаториялық-емханалық көмек көрсетеді. Қазір бұнда дәрігерлер құрамы 14 маманға дейін көбея түскен. Олардың жартысы жалынды жас мамандар. Сонымен қатар көптеген жаңа құрылғылармен қамтылды.

АЛЕКСАНДР ЖОХОВ, ЕРТІС АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ЕМДЕУ БӨЛІМІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ М. А

Біз компьютердегі суреттерді цифрландыратын сандық рентген аппаратын сатып алдық, оны жалпы жүйе арқылы кез-келген маман қолдана алады. Әрі қарай біз күнделікті қан қысымын өлшейтін құралға қол жетіздік. Сондай-ақ биылғы жылы родзалға арналған неонаталдық реанимациялық үстел пайда болды.

Барлық техниканы дәрігерлер белсенді қолдана. Олар адам өмірін құтқару жұмыстарын жақсартуға мүмкіндік береді. Жаңа туған нәрестелер үстелінің ыңғайлылығын акушер-гинеколог Лейла Мырзабекова бағалауда. Ол Ертіс аудандық ауруханасында үш айдан бері жұмыс істейді, бұған дейін облыс орталығында өзінің еңбек еткен. Балаларының табиғатқа жақын болуы үшін Павлодардан көшкілері келгендігінде айтып өтті.

ЛЕЙЛА МЫРЗАБЕКОВА, ЕРТІС АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ АКУШЕР-ГИНЕКОЛОГЫ

Мен декреттік демалыста болғандықтан, біз баланың табиғатқа жақын болғаны дұрыс деп шешіп, отбасымызбен табиғатқа шықтық. Мен бұл жерде үш ай жұмыс істеудемін, маған өте ұнайды, ұжым біртұтас, басшылық та маған сәйкес келеді. Тіпті тұрғындардың өздері ұнайды, ақкөңіл және сыпайы жандар . Мен барлығымен ортақ тіл таба алғаным ұжымның өте тату болғанында деп ойлаймын.

Лейла Мырзабекова бір айда орта есеппен 10 ананың босануына атсалысады. Әріптестері дәрігердің кәсіби шеберлігін жоғары бағалайды.

АЛЕКСАНДР ЖОХОВ, ЕРТІС АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ЕМДЕУ БӨЛІМІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ М. А

Ол гинеколог, операция жасайтын дәрігер, олар жоспарлы түрде жүкті әйелдерді бақылайды және қажет болған жағдайда операция жасайды. Дәрігердің мінезі қатал емес, бірақ өз жұмысын анық атқарады. Қажет болса, әрине әдептілік шеңберінде, барлыфық дәрігерлер пациенттермен қаталдау әрі талапшыл бола алады. Бұл тұрғыда Лейла Мырзабекова-өз ісінің шебері және кәсіби маман.

Дәрігер болу-Лейла Мырзабекованың балалық арманы болған. Арман жолында Семей қаласының медициналық университетінде Жоғары білім алған.

ЛЕЙЛА МЫРЗАБЕКОВА, ЕРТІС АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ АКУШЕР-ГИНЕКОЛОГЫ

Тек жақсы жақтарын айта аламын. Маған нәзік жандылармен жұмыс жасаған өте қатты ұнайды, сол үшін мен өз жұмысымды шын махаббатпен атқарамын. Оларға осы әлемге жаңа өмір әкелуге көмектесу, осы процестің қатысушылары болу және жаңа өмірдің дүниеге келуіне үлес қосу мен үшін өте маңызды .

Ертіс аудандық ауруханасы аптасына мыңнан астам науқасқа көмек көрсетеді. Болашақта материалдық-техникалық базаны одан әрі нығайту және дәрігерлік құрамды толықтыру жоспарлануда.

Салтанат Бауыржанқызы