Елімізде бастама алған игілікті бастамалар мол. Солардың бірі «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы. Жоба бойынша елдімекендерге тас жол төселіп, әлеуметтік нысандар жаңартылып келеді.

Бұл Панфилов ауылында 1980 жылы кірпіші қалған мәдениет үйі. Сол уақыттан күрделі жөндеуден өтпеген ғимараттың ажарын «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аша түсті. Жөндеу жұмыстары сәуір айында басталған. Оның құрылысына мемлекет қазынасынан 152 млн теңге қаражат бөлініпті.

АСЫЛБЕК КӘРІБАЕВ, ПАНФИЛОВ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ

Мәдениет үйін жөндеу қажет болды. Соңғы уақытта жаңбыр жауса төбесінен су ағатын. Бұдан бөлек едені мен қабырғалары жөндеу керек болды. 2008 жылы ішінара жаңартылды. Ал 2013 жылы шатыры ауыстырылды

Әлеуметтік нысанда ауыл халқы үшін вокал, әжелер кеңесі мен ұлттық аспапатар үйірмесі жұмыс істейді. Мердігер ұйым жөндеу жұмыстарын тамыз айында аяқтауды көздеген. Елді мекенде жақсы жаңалық көп. Биыл ауылішілік жол төселеді.

АСЫЛБЕК КӘРІБАЕВ, ПАНФИЛОВ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ

Жол төсеу жұмыстары алдағы күндері басталады. Қазір қажет материал жеткізілуде. 3,8 шақырымға асфальт жабындысы жамылады деп жоспарланған. Это будет дороги внутрипоселковые.

475 тұрғыны бар елдімекенге «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы жаңа леп әкелді. Келешекте басқа да мемлекеттік нысандар жаңартылады.

Әйгерім Тоқпанқызы