Соңғы бірнеше жылда балалардың терезеден құлау фактісі жиілеп кетті. Әрине, бұл көпқабатты тұрғынүйлерге қатысты жағдай.

Бұл жағдайдың алдын-алу үшін елімізде аранйы заң қабылданған болатын. 2020 жылдың қаңтар айынын бастап күшіне енген. Алайда, бұл заңңды ескеріп, құрылыс жүргізу барысында қауіпсіздік ережелерін елеусіз қалдыратын компаниялар да бар болып шықты. Бұны прокуратура орындары арнайы тексеру барысында анықтады.

Айта кетсек, барлық блокираторлар құрылыс жүргізуші мекеменің қаражаты есебінен орнатылуы керек.

Жанасыл Серікбол