Медицина саласының қызметкеркелері мен студенттері кәсіби мерекелері қарсаңында қуанышқа бөленді. Павлодар қаласында жөндеуден кейін жатақхана пайдалануға берілді. Ашылу салтанатына біздің түсіріліп топ қатысып қайтты.

1970 жылдары бой көтерген мына ғимаратта әр жылдары медицина нысандары орналасты. Бүгінгі күннен бастап бұл жерде Павлодар медициналық жоғары колледжінің жатақханасы орын тепті. Оның ашылу салтанатына облыс әкімі Асайын Байханов қатысып, студенттермен кездесті. Айжан Вовка мейіргер ісі мамандығында білім алады. Ол шәкірттері үшін жасалып жатқан зор мүмкіндік үшін риза. Қазір ол құрбыларымен кең, әрі жарық бөлмеде тұрады.

АЙЖАН ВОВКА, СТУДЕНТ

Мен осы жатақханаға жаз айының басында көшіп келген болатынмын. Бұрын жалдамаламыл пәтерде тұрдым. Жатақхананың ашылуы менің ата-анама үлкен болған сияқты. Жатақхана барплық техникамен жабдықталған. 4 қыз тұрып жатырмыз.

189 орынға арналған 4 қабатты ғимараттың 1 және 2 ші қабатында оқу орнының студенттері мен жоғары қабаттарында жас мамандар тұрмыс кешеді. Ақбота Қилібаева жас маман ретінде жолдама бойынша Шығыс Қазақстан облысынан келді. Ол облыстық балалар ауруханасының анестезиолог-реаниматолог дәрігері. Отбасымен бірге 2 бөлмелі пәтерге орналасты.

АҚБОТА КИЛІБАЕВА, ЖАС МАМАН

Үлкен рахмет осылай қолдап жатқаныңызға. Мен балалар үйінің түлегімін. Маған бұл көмек үлкен үлес қосты. Өзіміздің пәтерімізді алғанша. Осының арқасында ертең өздерңііздің қаражаттарыңызды жинап, баспананы, отбасыларыңызға бақыт тілеймін. Үлкен маман болыңыздар.

Ғимарат бөлмелері заманға сай құрал жабдықтармен жарақталған. Әр бөлмеде ас үйі бар. Тұрғындар тамақты өздері жасайды. Игілікті істің тұсау кесеріне студенттердің ата-аналары да қатысты. Олар өңір басшысына ризашылығын білдірді.

АТА-АНАЛАР АЛҒЫСЫН АЙТТЫ ТҰР

Ата аналар атынан сізге үлкен алғысымызды айтуға білдіруге келіп отырмын. Мына заманда балалар грантта тегін оқып пәтерден пәтерге ауыстрыпы, сумкамызды заманауи жағдайда ашылып, өте жақсы қуандым.

Айта кетейік жөндеу жұмыстары былтыр тамыз айында басталған. Жаңарту барысында ғимараттың іші, сырты, коммуникация мен құбырлары толықтай ауыстырылды. Бұл үшін облыс қазынасынан 800 млн теңге қаражат жұмсалыпты.

АСАЙЫН БАЙХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Дәрігерлердің кәсіби мерекесеі келе жатыр. Соның қарсаңында келіп көріп кетейін дегенмін дизайнды. Көріп шықтық жағдай өте жақсы. Студенттердің көңіл күйі жақсы.

Жатақханада 120 орында студенттер орналасады. Қалған бөлмелерге жас мамандар келеді. Өңірге 167 білікті дәрігер тапшы. Орындалып отырған бұл бастамалар арқасында аталған мәселе шешіледі деген сенім бар.

Әйгерім Тоқпанқызы