Атамекен кентінде 3 мектепалды жазғы лагерь ұйымдастырған фестиваль өтті. Шараға тілшіміз қатысып қайтты.

Жазықта кигіз үй тігіліп, көк аспанның астында өткен этно фестивальге Атамекен кентінің мектептерінің ұжымы мен жазғы лагерьде демалып жүрген оқушылар ат салысты. Басты мақсаты бүлдіршіндерге қазақтың байырғы тұрмыс тіршілігін көрсетіп, ежелгі салт-дәстүрлерді, еліміздің тарихын және рухани мәдениетін насихаттау.

ҚАНАТ ТЕЗЕКБАЕВ, №31 МЕКТЕБІНІҢ БАСШЫСЫ

Біріншіден біз мына Атамекен кентінің ақсақалдары мен ақжаулықты аналарымызды шақырдық. Өз тарихын білмеген бала болашағы жоқ деп айтылады ғой. Сондықтан балалар бұрын біздің ата-бабаларымыз қалай өмір сүрген, соны білуге тиіс

Қазақтың ежелгі өнерлерінің тағы бір көрінісі ұршық иіру мен қамшы өру тәсілдерін «Кәусар бұлақ» ата-әжелер мектебінің ардагерлері көрсетіп өтті.

ҚАЙЫРЖАН АХМЕТОВ, «КӘУСАР БҰЛАҚ» АТАЛАР-ӘЖЕЛЕР МЕКТЕБІНІҢ АРДАГЕРІ

Сол әдейі келіп міне біз бүгін осы жастарға үйретіп көрсетіп жатырмыз. Мен осы көптен бері осы қамшы өруді үйретем балаларға. Ауылдың балалары өзері жасап алады.

Ұсынылған концерттік бағдарламада оқушылар қоныр домбырамен ән шырқап, билеп көрерменнің көзайымына айналды. Сонымен қоса, атқа міну мен асық ату, арқан тартыс секілді қазақтың ұлттық ойындары да көрініс тапты.

ЛЕВ ЛЕВЧЕНКО, АТАМЕКЕН КЕНТІ №32 ЖОББМ ОҚУШЫСЫ

Мен қазақтың ұлттық ойындарында бұрыннан ойнаймын. Асық атудан 1 орын алған, ал арқан тартыстан 3 орын алған жарыстарым бар. Маған өте қатты ұнады.

Шара барысында балаларға «Бауырсақ фест» атты бауырсақ жасау мастер классы көрсетіліп,.оқушылар дәстүрлі тағамдар дайындауды үлкен қызығушылықпен үйренді.

Этно фестиваль қатысушылар үшін Үлкен мереке болды. Оқушылар өздерінің таланттарын ұлттық билерде, әндерде және ойындарда көпшілкке ұсынды.

Салтанат Бауыржанқызы