Сондай-ақ, аппараттық жиынның кеңейтілген отырысында алдағы жылыту маусымына дайындық барысы пысықталды. Онда жаз соңына дейін 20 қазандықта күрделі жөндеу жүргізілетіндігі айтылды. Тілшіміз толықтырады.

Биылғы жылыту маусымы жалпы алғанда тұрақты өтті. Десе де, жылудан ажыратудың бірқатар фактілері тіркеліпті. Әрине, одан бұрынғы кезеңдермен салыстырғанда аз. Әйткенмен ескермеуге болмайды.

ЕРЖАН ИМАНЗАЙЫПОВ, ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҮКШ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Жылыту маумысы кезеңінде облыстың энергия көздерінде негізігі жабдықтың 226 ажыруты тіркелді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 есе аз. Жол картасы жобасы әзірленді

Жылыту маусымы кезеңінде тұрғындарда 2690 шағым түсті, оның 2064-і расталмады деді ведмоство басшысы. Осындай жағдайларды ескере отырып, келер маусымға дайындық жұмыстары қазірден бастап жүріп жатыр. Негізгі энергия көздерінің 31 бірлігінде әр түрлі деңгейдегі жөндеу жұмыстары жоспарланған.

ЕРЖАН ИМАНЗАЙЫПОВ, ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҮКШ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Қазіргі уақытта 2 нысанда жөндеу жұмыстары аяқталды. 12 нысанда жөндеу жүріп жатыр. 17 нысанды жөндеу уақыты әлі келген жоқ. Энергия көздерінің басшылығы бекітілген жөндеу кестесін қатаң сақтаулары керек.

Әрине, өткен маусым тұрақты өтпегенімен, келер маусымдар бар. Ақаулар 25 пайызға азайды деп арқаны кеңге салуға негіз жоқ деді аймақ басшысы. Дайындық жұмыстарын күшейту керек.

Сондықтан, қала және аудан әкімдері және тұрғынүй коммуналдық шаруашылығы басқармасы бірлесіп, 1-маусымға дейін әлеуметтік нысандардың дайындығы бойынша арнайы іс-шаралар жоспарын бекітуі қажет. Ал, бірінші қыркүйекке дейін қазандықтарды және жылу мен сумен жабдықтау желілернің күрделі жөндеуін, әлеуметтік нысандардың көмірмен қамтылуын қамтамасыз етілуі тиіс.

Жанасыл Серікбол