Ертіс өзенінің биоалуандылығы екі жарым мың сібір бекіресімен толықты. Экологиялық акцияға қоғам қайраткерлері мен қала белсенділері, оқушылар қатысты. Толығырақ тілші материалында.
Соңғы 40 жылда Ертіс өзенінің Павлодар бөлігінде бекіре тұқымдас балықтар саны азайған екен. Осы мақсатта балық қорын молайту үшін "Ертіс гидрометаллургиялық комбинаты" ЖШС алғаш рет экологиялық акция өткізді. Оның аясында сібір бекірілері Ертіске жіберілді.
АРМАН БЕЙСЕМБИНОВ, «ЕРТІС ГИДРОМЕТАЛЛУРГИЯЛЫҚ КОМБИНАТ» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ
Бүгінгі шара-бұл "Ертіс гидрометаллургиялық комбинатының алғашқы экологиялық акциясы. Ертісті балықтандыру туралы мәселе қарастырылғаннан кейін, осындай шешімге келдік Балықтың осы түріне қатысты алаңдаушылық білдірген павлодарлық ихтиолог ғалымдардың пікірін ескере отырып, компания сібір бекірелерін жіберді. Әрине, компания ең алдымен су қоймасындағы балық қорын зерттеді. Сібір бекіресі - Ертіс үшін аборигендік түр болып табылады. Мұнымен балық түрлерін көбейтуге болатын шараларды көптеп өткізу жоспарда бар. Осындай акциялар арқылы еліміздің маңызды су артериясын нығайтуға қосқан үлесіміз болады деп ойлаймын
Екі мыңға жуық Қызыл кітапқа енген балықтар алдағы уақытта бекіре тұқымдас балықтардың популяциясын толықтырады деген сенім бар. Алдағы уақытта жіберілген балықтар үнемі бақыланып, мониторнинг жасалады. Аталған акцияға оқушылар да қатысты. Олар Сібір бекіре балықтарын қағаз бетіне түсіріп, сурет салды. Шара барысында жеңімпаздар анықталып, марапатқа ие болды.
Жергілікті ихтиолог ғалымдардың айтуынша, қазіргі уақытта Сібір бекіресінің санын қалпына келтірудің жалғыз жолы - жасанды көбею. Өзеннің азық базасы жас балықтарды тамақпен қоректендіруді қамтамасыз ете алады. Өткен акциядан кейін де мониторнинг жүргізіледі.
Қымбат Садық