Биыл Павлодар облыстық онкологиялық диспансеріне 700-ден астам адам есепке алынды. Оның ішінде 3 адам тері меланомасына шалдыққан. Осыған орай 25 мамырда онкологиялық орталықта ашық есік күні өтеді.

Қазір өңірдің онкологиялық диспансерінде 13 мыңнан астам адам тіркеуде тұр. Былтыр 2421 адам есепке алынды. Олардың 25-сінде тері меланомасы анықталды. Ал, тері ауруының басқа 256 түрі тіркелді.

СЕРГЕЙ БОРИСЕНКО, ОБЛЫСТЫҚ ОНКОЛОГИЯЛЫҚ ДИСПАНСЕРІНІҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ

Жалпы тері ісігін үшке бөлуге болады. Бірінші кезекте тері қатерлі ісігінің базальдық жасушалық түрі. Бұл онкологиядағы есептен шығатын ауру түрі. Жеңіл түрде өтіп, емеделеді. Метостаза бермейді. Жылына 2500 адамды кезекке алсақ, олардың 10 пайызы тері ауруымен тіркеледі. Екінші түрі скамозды жасушалы түрі. Үшінші түрі меланома. Тері қатерлі ісігінің ең ауыр түрі осы. Емдеу кешенді түрде жүргізіледі.

Жыл басынан бері облыстық диспансерге 764 адам есепге тұрған, олардың 78-сінде тері қатерлі ісігі болса, 3-еуінде меланома. Тері қатерлі ісігі күн сәулесі түсетін аумақта пайда болады, дейді мамандар. Сондықтан тері бетінде өзгерістер пайда болған сәтте бірден дәрігерге жүгінген жөн.

СЕРГЕЙ БОРИСЕНКО, ОБЛЫСТЫҚ ОНКОЛОГИЯЛЫҚ ДИСПАНСЕРІНІҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ

Бізде 2023 жылдың қорытындысы бойынша 13 мың адам есепте тұр. Тері ауруларының жеңіл түрінде науқасты есептен шығарамыз. Бірақ есепте 13 мың адам тұр дегенде көбісі шошып кетеді, бұл статистиканың өсіп жатқанынан емес. Адамдардың әлі емделіп жатқанын көрсетеді.

Айта кетейік, 25 мамыр, сенбі күні онкологиялық орталықта ашық есік күні өтеді. Алдын ала жазылусыз, жеке куәлігімен келіп дәрігерден кеңес алуға болады. Осы жолы тері қатерлі ісігіне басымдық беріледі.

Самал Қалиқызы