Павлодар облысында соңғы кезде соз ауруы, яғни гонорея инфекциясын жұқтырған балалар саны көбейген. Олардың бәрі ауруды ата анасынан жұқтырған. Бұл туралы тері-венерологиялық орталықтың меңгерушісі айтты.

Жалпы жыныстық қарым қатынас арқылы 20-дан астам инфекция жұғады. Олардың ішінде ең көп тарағаны мерез, соз ауруы және хламидиоз. Репродуктивті денсаулық апталығы аясында облыстық аурухананың тері-венерологиялық орталығында аталған сырқаттарды алдын алу үшін ашық есік күні өтті.

ГҮЛНАР БӘЙСЕКЕНОВА, Ғ.СҰЛТАНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАНЫҢ ТЕРІ-ВЕНЕРОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ

Қазіргі таңда бұл инфекциялық аурулар ешбір белгісіз өтеді. Яғни пациенттерді ештеңе мазаламайды. Сондықтан тұрғындар жарты жылда бір рет венеролог дәрігерге көріну керек. Профилактикалық тексеріс жүргізу керек. Емделмеген инфекция ауыр сырқатқа әкелуі мүмкін, нәтижесі бедеулік болады.

Өткен жылмен салыстырғанда биыл 5 айда сифилис, гонорея аурулары көп тіркелді. Соңғы кезде балалар арасында мерез ауруы жиілеп кетті, дейді дәрігер.

ГҮЛНАР БӘЙСЕКЕНОВА, Ғ.СҰЛТАНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАНЫҢ ТЕРІ-ВЕНЕРОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ

Қазіргі уақытта балалар арасында соз ауруын яғни гонорея инфекциясы жиілеп кетті. Яғни бұрын аз болса, қазір айына 1-2 рет осындай жағдай анықталады. Көбінесе кішкентай қыздар аталған ауруға шалдығады. Ата аналар алдымен балалар гинекологына жүгінеді, ол өз кезегінде бізге жібереді. Олар ата аналарынан жұқтырып алады. Көбінесе 5 жасқа дейін балалар ауырады. Тіпті бір айлық қызды емдеген уақыт болды.

Осылайша жыныстық қарым-қатынас арқылы жұғатын инфекциялық аурудың алдын алу, сақтану маңызды, себебі ол бедеулікке әкеп соғуы мүмкін.

Самал Қалиқызы